«ROBOCON” клубы

Екінші тоқсаннан бастап «ROBOCON» жаңа клубы жұмыс істей бастайды. Қазірдің өзінде біз осы клубқа қатысушыларды жинап жатырмыз.

«ROBOCON” клубы

Технологиялық процесс айналаға ұшқыр жылдамдықпен өзгерістер алып келуде, бізді де балаларды тәрбиелеу барысында ұстанатын көзқарасымызды өзгертуге мәжбүр етеді. Робототехника дегеніміз болашағы зор инновациялық бағыт болып табылады.

Робототехника математика, инженерия, бағдарламалау туралы білім ауқымын арттыруға мүмкіндік береді.

Робототехника сабақтары баланың шығармашылық қабілетін ашуға да көмектеседі. Бала тәжірибе жасауға, өз қолымен ерекше, қайталанбас бірегей нәрсе құрастыруға мүмкіндік алады.

Баланың табандылығы мен зейінін дамытады, өйткені бұл қасиеттерсіз робототехникада айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Осы қасиеттер дәл қазіргі жағдайда балаларда жиі жетіспей жатады. Сонымен қатар, сабақтар еш нәтиже бермейтін, бос ойын-сауықтан - әлеуметтік желілерде отырудан алшақтатуға көмектеседі.

Робототехникада жалғыз адамның жетістікке жетуі мүмкін емес, сондықтан балалар топ ішінде жұмыс істеуге үйренеді. Бұл дағдылары оларға болашақта өте пайдалы болады.

Робототехника тек қызықты ғана емес, сонымен қатар балаларды оқытуға пайдалы сабақтар.

«Баланың ойы саусақтарының ұшында».деп атақты педагог Василий Александрович Сухомлинский жазған болатын. Робототехника сабақтары ұсақ моториканы дамытады. Ұсақ моторикасының даму деңгейі жоғары бала логикалық тұрғыда ой қорыта алады, оның есте сақтау қабілеті, зейіні және байланысты сөйлеу дағдысы дамиды.

Арман Кемежанов - «ROBOCON» үйірмесінің жетекшісі

Арман - Халықаралық инновациялық технологиялар университетінің (МИУТ) 4-курс студенті, есептеу және бағдарламалық жасақтама сияқты пәндермен айналысады. «IITU ROBOCON GAMES» бірінші турнирінің жүлдегері. 2017 жылдан бастап ол ROBOCON бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі. «ABU robocon 2017» халықаралық робототехника олимпиадасының қатысушысы. Қалалық және республикалық робототехника жарыстарының жүлдегері және тұрақты қатысушысы.

Арманның жаттықтырушы ретінде тәжірибесі бар. Оның командасы «Tech Cup» жарыстарында, Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін қалалық жарыстарда, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда өткен ХАТУ робокон жарыстарында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

 

rb1

rb3

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба