Оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!

Алматы қаласы Халықаралық «Мирас» мектебі баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Құрметті оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер және мектеп ұжымы!

Бүкіл мектеп қауымдастығының атынан баршаңызды 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын!

Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін. Гүлдене беріңіздер!  Жазғы демалысты  шуақты, қуанышты да жайлы жағдайда өткізіңіздер!

Осы жерде, әсіресе, түлектерімізді құттықтағым келеді, олардың алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектеспін. Мектеп оларды шығармашылықпен ойлауға баулыды, көзқарастарын ұстануға үйретті, білім берді.

Биылғы оқу жылы қиын кезеңмен тұспа-тұс келгенімен, біздің түлектер келесі нәтижелерге қол жеткізді: 11А сыныбының оқушысы Абисинова Томирис «Алтын белгі» белгісімен марапатталды.

11С сыныбының оқушысы Сыдықов Алмазға үздік аттестат тапсырылды.

11А сыныбының оқушылары Крюкова Ева, Мұстафина Әйгерім және Шабдарбаева Әсел 11 сыныпты «Үздік» бағамен аяқтады.

Дипломдық бағдарламаның 12IB сыныбының түлектері - Кәрім Назерке, Мамырова Дарина, Қуаныш Ясмин және Фелан Мадина - 40 ұпайдан жоғары көрсеткішпен 12-сыныпты бітірді.

Ақжол Сіздерге, 2020 жылғы түлектер!

8.jpg

7.jpg

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба