«Шахмат» клубы

Chess2

 

Виктория Сергеева - 1-2 сынып оқушыларына арналған шахмат үйірмесінің жетекшісі.

Виктория - шахматтан ФИДЕ шебері, "Белая Ладья, Новосибирск 1998-1999 халықаралық Ресей жарыстарының жеңімпазы, қыздар арасында шахматтан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы (1998,1999, 2000, 2003, 2004,2005жж). Шахмат бойынша әлем чемпионаттарына көп дүркін қатысушы, Халықаралық «Азия балалары-2004» ойындарының жүлдегері,  «Moscow Open» халықаралық турнирінің жеңімпазы. «Qatar open» халықаралық турнирінің жүлдегері, Қазақстанның мұнай-газ компаниялары (ҚазТранс Газ, Аймақ Газ, Интергаз және т.б.) арасындағы командалық сайыста ерлер арасында бірнеше дүркін жеңімпазы.   Шахмат ойнаудан жалпы тәжірибесі - 20 жыл.

Мезенцев Иван3-4  сынып оқушыларына арналған шахмат үйірмесінің жетекшісі.

Иван - Алматы қаласының бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының Чемпионы, "Cattolica open" халықаралық турнирінің қола жүлдегері (Италия), Франция, Италия, Болгариядағы халықаралық турнирлердің қатысушысы, «KBTU Open» турнирінің жеңімпазы, ХАТУ шахматтан құрама команда мүшесі.

Иван - 2018 жылдан бастап ФИДЕ шебері және Қазақстанның ең үздік шахматшылар рейтингінде 22-ші орынға ие.

  

 Шахматмидыжаттықтырушыгимнастика

 

Шахмат ойнаудың 10 себебі

Шахмат дегеніміз

 

Логика және ойлау

Ойын барысында ми үнемі жаттығып отырады. Ойша ең жақсы нәрсені іздестіріп, әртүрлі қадамдарды қарастырасың. Уақыт өте келе нұсқаларды іздестіру жылдамдатылады және әрбір жаңа деңгей ойлаудың дамуына ықпал етеді.

 

Есте сақтау

Ойын барысында шахматшы позицияны нақты көрсете отырып, көптеген нұсқаларды есептейді. Кәсіби шахматшылар әрбір қимылын санасында орындап, барлық ойынды көз жұмып ойнауға қабілетті.

 

Зейін мен табандылық

Бүкіл ойында басым келе жатып, бір минут қана босаңсып қалу, өзіңнің артықшылығыңды жоғалтуға алып келеді. Сондықтан ойын барысында қырағылық пен зейінді сақтау керек.

 

Жоспарлау

Шахмат ойнаған кезде әрқашан 2-3 жүрісті алдын-ала есептейсің және бұл дағды сенің күнделікті өміріңде көрініс табады. Мысалы, таңертең оянғанда, сен бәрін шапшаң әрі тиімді жасауың  керектігін автоматты түрде есептейтін боласың.

 

Қиял

Мимен ойлау қиял мен көзге елестете алу қабілетін дамытады. Шахмат тек спорт емес, тұтас бір өнер деп саналатыны бекер емес. Қиялдың бай болуы - шығармашылықтың негізі.

 

Уақытты басқару

Шахматтың 3 түрі бар: классикалық, белсенді және блиц. Классикалық шахматта әр қарсыласқа 2 сағат, белсенділерге - жарты сағат, блицте - 5 минут уақыт беріледі. Егер сен уақытыңда үлгермесең, онда ұтыласың. Осылайша, шахмат уақытты дұрыс пайдалануға баулиды, сонымен қатар, ол  мектеп сабағын немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде маңызды фактор болып табылады.

 

Күйзеліске төзімділік

Сен турнирге бірнеше ай бойы дайындаласың, кейбір жарыстар жылына бір рет өткізіледі, ал бір рет жеңіске жету үшін 10 мәрте жеңілесің. Осындай шынығудан кейін мектепте немесе жұмыста кездескен кез келген қиындықты жеңу оп-оңай болады.

 

Бәсекеге қабілеттілік

Жүздеген шахматшылар қатысатын турнирде бір жеңіліс алтыннан айырады, ең мықтыны анықтайды.

 

Жұмысқа қабілеттілік  және төзімділік

Үйде жаттығу кезінде тактикалық көзқарасың мен позициялық түсінігіңді дамытасың. Турнир кезінде саған үлкен салмақ түседі. Жартылай кәсіби шахматшы бір ойынға шамамен 4-5 сағат, дайындыққа 2-3 сағат жұмсайды және қатарынан 9, 11 тур болады.

 

Ерік және мінез

Басқа спорт түрлері сияқты шахмат сенің мінезіңді, ерік-жігеріңді шыңдайды. Жаңа арманың пайда болады. Сен оған жетуге, соққыларды қабылдап,  жолыңнан бас тартпауға үйренесің.

 

Бедел

Шахмат бұл дағдыны дамытпайды, дегенмен бұл  дағды - кез-келген спортшының өмірінің бір бөлігі. Адамдар шахматшыларды терең ақыл-оймен байланыстырады. Сенімен танысқан бойда  бәрі сенен  көп нәрсе күтеді. Сен үміттерді ақтау үшін мықты болуға еріксіз ұмтыласың.

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба