«Емен жаңғақты күз - 2020»

 «Емен жаңғақты күз - 2020»

        12-30 қазан аралығында біздің мектепте «Емен жаңғақты күз - 2020» акциясы өткізілді. Бұл акцияның мақсаты хайуанаттар бағындағы жануарларға арнап емен жаңғақтары мен басқа да жаңғақтар жинау болатын.

        Үш апта бойы жүргізілген аталмыш іс-шараға мектеп қауымдастығы түгелдей белсенді түрде атсалысты.

       Нәтижесінде 117 кг емен жаңғағы, жаңғақтар және шекілдеуік дәні жиналды.

       30 қазан күні 3D  және 4D сынып оқушылары барлық қызметкерлер мен мектеп оқушылары атынан «күз сыйын» хайуанаттар бағына алып барды.

       Арнайы жинастырған қорек хайуанаттар бағының тұрғындарына ұнады деп үміттенеміз!

        Хайуанаттар бағының әкімшілігі бізге ризашылығын білдірді және ынтымақтастықты одан әрі дамытудың белгісі ретінде хайуанаттар бағына тегін кіретін 53 билет ұсынды. Барлық шақыру билеті «Солнышко» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне берілді.

       Сондай-ақ, «Емен жаңғақты күз - 2020» қайырымдылық акциясы аясында мектепте қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғауға арналған сынып сағаттары өткізілді. «Табиғатты сақтайық», «Қолға үйретілген жануарларға жауаптымыз» атты балалар суреттерінің көрмесі онлайн режимінде өткізілді. Барлық суреттер қалалық хайуанаттар бағында орналасқан «Жас натуралистер үйірмесіне» берілді.

Қайырымды істерді бірге атқарайық!

 

jdo (26).jpg

jdo (25).jpg

jdo (24).jpg

jdo (23).jpg

jdo (22).jpg

jdo (21).jpg

jdo (20).jpg

jdo (19).jpg

jdo (18).jpg

jdo (17).jpg

jdo (16).jpg

jdo (15).jpg

jdo (14).jpg

jdo (13).jpg

jdo (12).jpg

jdo (11).jpg

jdo (10).jpg

jdo (9).jpg

jdo (8).jpg

jdo (7).jpg

jdo (6).jpg

jdo (5).jpg

jdo (4).jpg

jdo (3).jpg

jdo (2).jpg

 

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба