Мирас мектебінен күзгі хайуанаттар бағына

Мирас мектебінен күзгі хайуанаттар бағына

2020 жылдың 7 қарашасында «Право на любовь» қайырымдылық қорының Алматы қаласы және Алматы облысындағы көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларының балалары Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Алматы қ. хайуанаттар бағында болып қайтты. Бұл іс-шара мектебімізде өткен «Емен жаңғақты күз 2020» акциясы аясында ұйымдастырылды. «Мирас» мектебінің оқушылары зообаққа 191 кг емен жаңғақтарын, дәндерді, кептірілген жемістерді жинап, сыйға тартты, осылай олар хайуанаттар бағына тегін кіруге өздеріне берілген 53 билетті «Сүйіспеншілік құқығы» қорының балаларына тапсырды.

Хайуанаттар бағына бару балаларды зор қуанышқа бөледі. Төменде берілген пікірлер what's app желісіндегі қор тобы ата-аналарынан алынды: «Осы  саяхат үшін көп рақмет. Балалар зообаққа көптен бері бармаған еді. Ересектеу балалар өздері үшін бұл сапар осынша қызықты болады деп ойламаған еді, ал кішілерінің қуаныштарын олардың бақытты дауыстарынан білуге болады!»

«Хайуанаттар бағына бару сияқты балаларымызға қызықты сыйлағандарыңызға көп рақмет! Саябақтың әсем табиғаты, жаңартылған хайуанаттар бағы балаларды күзгі демалыста жағымды энергиямен қуаттандырды. Қайырымдылық қорының  балаларына күздің жып-жылы күндерін пайдалы да қызықты өткізуге, жанды табиғат әлемінде болуға мүмкіндік бергендері үшін демеушілерге көп алғыс!»

Осындай керемет пікірлерді «Право на любовь» қоры  балаларының ата-аналары жазды.

Біз Халықаралық «Мирас» мектебі  мен Алматы хайуанаттар бағының ынтымақтастығы үшін  мектеп қауымдастығына түгелдей тағы да алғыс білдіреміз.

 

Жақсы істерді бірге жасайық!

Zoo 1

Zoo 2

Zoo 3

Zoo 4

Zoo 5Zoo 6

Zoo 7

Zoo 8

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба