«Дәрігермен кездесу» сабағы.

«Дәрігермен кездесу» сабағы.

3 сынып оқушылары «Біз әлемді зерттейміз» сабақтарында адам ағзасы мен оның жүйелерін зерттеу үстінде. Балалар сабақта адамның  дене мүшелерінің суретін салып, ағзадағы әр түрлі жүйелердің,  дене мүшелерінің модельдерін жасады. Олар тәжірибе жүргізіп, адам ағзасындағы кейбір жүйелер мен органдардың қалай жұмыс істейтініне көз жеткізді.

Тақырыпты зерттеу соңында балалар адам дене мүшелері, ағзадағы түрлі жүйелер мен органдар туралы брошюралар жасамақ. Әрбір бала өзінің жеке-даралығын таныта отырып, жұмысқа шығармашылықпен кірісетін болады.

3 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер тобы оқушылардың адамның дене құрылысы мен ағза жүйелері  туралы түсініктерін кеңейту мақсатында дәрігер Айман Онласбекқызы Сәрсенова мен 3 С сынып оқушысының анасы Жания Сәрсенованы кездесуге шақырды.

  Дәрігер балаларды дайындап әкелген қызықты презентациясымен таныстырды, ол мұнда  адам ағзасындағы әрбір жүйені көрсетіп,  түсіндіріп айтып берді. Айман Оңласбекқызы кездесуге микроскоп, стетоскоп, адам денесінің  қаңқасы моделін, қанның оттегімен қанығуын (қанықтылығын) өлшейтін құрал - импульстік оксиметрді алып келді. Дәл қазір бұл құралдардың рөлі аса маңызды. Балалар аталған құрылғылардың  жұмыс істеу принциптерімен танысты, олармен жұмыс істеп көрді.

Айман Оңласбекқызы «Дәрігер - пациент», «Зертханалық зерттеу» рөлдік ойындарын ұйымдастырды. Бұл ойындарға балалар да, мұғалімдер де белсенді түрде қатысты. Балалар кездесу соңында зерттеу жұмыстарына қатысты туындаған қызықты сұрақтарын қойды. Өте қызықты, тартымды өткен кездесу  оқушылардың ой-өрісін, сабақта алған білімдерін кеңейте түсті. Студенттер зерттеу тақырыбын аяқтай келе, саламатты өмір салтының адам ағзасы мен оның барлық жүйелері үшін қаншалықты маңызды екендігін түсінеді. Сондай-ақ, балалар мектептегі басқа оқушылармен тақырып бойынша жинақтаған білімдерімен бөлісе алады. Олар 1 сынып оқушыларына дұрыс тамақтану, спорт және таңғы жаттығулар туралы әңгімелеп береді.

PYP үйлестірушісі.

3 сынып мұғалімдері командасы.

shah 1

shah 2

shah 3

shah 4

shah 5

shah 6

shah 7

shah 8

shah 10

shah 11

shah 12

shah 13

shah 14

shah 15

                                   

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба