Мирастық жұлдызша

Көктем - жер бетіндегі бар тіршілік пен әсемдік атаулының оянатын керемет кезі!

     Біздің мектептің оқушысы Серік Менди де таланттардың ашылып, дәл осындай шығармашылық «оянуы» жағдайын бастан кешірді.

    Ол осы жылдың наурыз айында Финляндияның Хельсинки қаласында өткен 5-ші Халықаралық «Финдік музыка кештері» байқауына белсенді қатысты.

Менди әр түрлі номинациялар бойынша бірінші және екінші дәрежелі лауреат атанды. Ол украин әнін шырқады, А.С. Пушкиннің «Руслан мен Людмила» шығармасынан «Пролог» оқыды. Керемет би биледі. Ол әділ қазылар алқасына, қошеметті көрермендерге қаншама қуанышты эмоциялар, тамаша көңіл-күй сыйлады!

      Сәтті өнер көрсеткен мирастық жұлдызшамызды шын жүректен құттықтаймыз!!!!!

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба