Оқу бағдарламасы

Бастауыш мектеп құрылымы

Бастауыш мектеп  Қазақстан Республикасы Білім беру стандарттарының озық аспектілері мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларының ұстанымдары мен қадамдары қамтылған кіріктірілген оқыту бағдарламасын ұсынады. Бастауыш мектеп  Халықаралық «Мирас» мектебі кампусының үш ғимаратына орналастырылған. 3-4 жастағы балаларға арналған балабақша қауіпсіз ойын алаңы бар арнайы жабдықталған ғимаратта қоныс тепкен. 5 жастағы балаларға арналған мектепалды  жеке ғимаратта жұмыс істейді. 1-4 сынып студенттері мектептің бас ғимаратына тікелей өтетін Бастауыш мектептің ғимаратында оқып, білім алады. 

Халықаралық «Мирас» мектебі Қазақстандағы Халықаралық Бакалавриаттың үш бағдарламасы бойынша білім беретін бірден бір мектеп болып табылады.

Бастауыш мектепте сабақ жүргізілетін тілдер: қазақ, орыс, ағылшын тілдері

Бастауыш мектепте сабақтардың 50%-ын ағылшын тілінде жүргізуге тырысамыз.

Бастауыш мектеп құрылымы

mirasinfo8-1.jpg


Балабақшада балалар бес топ бойынша жұмыс істейді. 3-жасар балалардың (А3 және К3 топтары), ата-аналары топтағы оқу тілін, яғни қазақ және орыс тілін таңдап алуға құқылы,  сонымен қатар олар  4 жастағы студенттер (А4 және К4 топтары) топтағы қазақ және орыс тіліндегі оқудан басқа, сабақтары негізінен ағылшын тілінде өтетін  халықаралық топқа (В4)  қосыла алады.Балабақша қызметі 3 пен 4 жас аралығындағы балаларға арналған, ол PYP Early Childhood және ҚР білім стандарттарына негізделеді.

Мектепалдының кіріктірілген бағдарламасы 5-6 жастағы студенттерді оқытуға арналған, ол PYP1 және ҚР білім стандарттары талаптарына сәйкес келеді. Үш KG сыныбы жұмыс істейді, олар - KGA, KGB және KGC.

1–4 сыныптарға арналған оқу жоспары 2–5 сыныптарға арналған PYP бағдарламасына және бастауыш мектепке арналған қазақстандық стандарттарға негізделген.

Мектепалдыдан 4 сыныпқа дейінгі әр параллельде 3 бөлім бар. Бірінші бөлімде оқыту негізінен орыс тілінде жүреді, онда ағылшын және қазақ тілдері қосымша тіл ретінде жүргізіледі; келесі бөлімде қазақ тілі - негізгі тіл, ағылшын және орыс тілдері - қосымша тілдер; үшінші бөлімде ағылшын тілі - негізгі тіл, ал орыс және қазақ тілдері екінші тілдер ретінде жүргізіледі.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазақстандық білім беру бағдарламасына сәйкес KG және 1-оқу жылы бойынша математика мен тілдерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылады.

Бастауыш мектептің оқу жоспары

Бастауыш мектепте  Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларының ұстанымдары мен қадамдары және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Білім беру стандарттары бойынша оқытудың озық аспектілері қамтылған кіріктірілген оқыту бағдарламасы ұсынылады.

Халықаралық Бакалавриаттың Бастауыш  мектепке арналған Бағдарламасы  (IB PYP) - Халықаралық Бакалавриат ұсынатын үш бағдарламаның бірі болып табылады. Бағдарлама 3 жастан 11-12 жасқа дейінгі оқушыларға арналған.   Бұл бағдарламада  баланың жан-жақты дамуына,  әлеуметтік, физиологиялық, психологиялық, мәдени және академиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға аса маңызды мән беріледі.

Бағдарламаның басты атрибутына ұлттық және халықаралық тәжірибенің озық үлгілерін қолдану, балаларға сапалы білім беру жүйесін жасау  мақсатымен еліміздегі білім беру саласына халықаралық оқу бағдарламалары мен нормаларын енгізу және оны тарату жатады.

PYP халықаралық академиялық бағдарламасы баланы сыныпта да, сыртқы ортада да зерттеуші ретінде дамытуға бағытталған. PYP студенттердің  халықаралық ой-санасын және оқуға деген оң көзқарасын қалыптастыра отырып, олардың өмір бойы білім алуға деген ынтасын оятады. IB Primary Years Programme бізге білім беру МАЗМҰНЫН, ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН және оқушының ОҚУ ҮЛГЕРІМІН БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІН таңдау керектігін  анықтайды. Оқыту мен оқудағы негізгі қадам зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл студенттің немесе мұғалімнің бастамасымен басталып, оқушының жаңа, күрделі түсіну деңгейіне жетуіне көмектесетін процесс. Кіріктірілген оқу бағдарламасының болуына байланысты біздің пәндік бағыттар негізінен Зерттеу бағдарламасы (Programme of Inquiry) аясында оқытылады, яғни студенттер төменде аталған мазмұнды мәнмәтін бойынша білім алады:

«A» тілі  (орыс, қазақ, ағылшын тілдері);

«B» тілі (орыс, қазақ, ағылшын тілдері);

Математика;

Қоғамтану және жаратылыстану;

Бейнелеу өнері;

Музыка;

Информатика;

Физикалық, әлеуметтік және жеке білім (PSPE): Өзін-өзі тану, дене тәрбиесі, хореография

IBPYP туралы қосымша ақпаратпен www.ibo.org  сайты арқылы  танысуға болады.   

Математика мен тілдер тереңдетіліп оқытылатын KG тобы мен 1-сыныпқа арналған қазақстандық оқу бағдарламасы ҚР МЖМБС негізгі пәндерінен басқа, математикалық логика, робототехника, LEGO-құрылымдау, шахмат және ағылшын тілі пәндерін қамтиды.

Орта мектеп

Орта мектепте Білім берудің Ұлттық стандарттарының мазмұнды компоненттерін Халықаралық Бакалавриат бағдарламалары оқу философиясы мен оқыту қадамдарына қойылатын талаптарымен  кіріктіру арқылы жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелер енгізіледі.

Орта мектеп құрылымы

mirasinfo7-2.jpg


Бұл академиялық бағдарлама орта мектепке арналған халықаралық бағдарлама (IB MYP) талаптары мен ҚР білім стандарттарына сәйкес кіріктірілген.  Негізгі мектеп: 5-10 сынып

MYP - алты жылдық бағдарлама, ол 5-сынып үшін MYP-0 (бастауыш мектептен орта мектепке және MYP-ге ауысу жылындағы нөлдік деңгей) және 10-сынып үшін MYP-5-пен аяқталады. Бесінші сыныптар мектептің кіріктірілген бағдарламасы мен MYP кіріспе курсын жүзеге асыратын  «MYP-0» моделі бойынша оқиды.  MYP-0 деңгейі - 6-сыныпқа арналған MYP-1 бағдарламасына дайындық болып табылады. MYP-1 бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері 5-сынып оқушылары деңгейіне сәйкес әзірленген.

Халықаралық бағдарламаның мақсаты заманауи қоғам талаптарына сәйкес оқушылардың білім алуына, білік және дағдыларды дамытуды көздейді. MYP бағдарламасында үш іргелі тұжырым маңызды рөл атқарады, олар: біртұтас оқыту, мәдениетаралық түсіністік және дамыған қарым-қатынас жасау дағдылары.

Халықаралық Бакалавриат мектептерден бағдарламаның әрбір кезеңінде пәндерді кеңінен және теңгерімді таңдауды қамтамасыз етуін талап етеді. Халықаралық Бакалавриат шығарған оқу бағдарламасымен таныстыру басшылығында әрбір пәндер тобы бойынша тұжырымдар мен дағдылар көрсетілген, олардың қызметі - МYP мектептері арасында басшылық жасау, кеңес беру және жаһандық бірлік (қауымдастық) орнату. MYP мектептерінің бағдарламалары әр пәндер тобы бойынша мақсаттарға қол жеткізетіндей етіп құрылымдануы қажет, бұл бағдарлама курсы соңында мәрелік бағалау барысында Халықаралық Бакалавриат расталуы тиіс.

Пән салалары

Пән салаcы келесі пәндерді қамтиды:

  • Тіл және әдебиет (мектептегі оқыту тілі немесе оқушының ана тілі) – ағылшын, орыс немесе қазақ тілі
  • В тілі (шет тілі – мектепте қосымша оқитын тіл) - ағылшын, орыс, қазақ, француз тілі
  • Жаратылыстану ғылымдары – жалпы пән ретінде 6-8 сыныптарда, жеке-жеке үш пән ретінде 9-10 сыныптарда
  • Математика
  • Дизайн
  • Гуманитарлық ғылымдар
  • Дене тәрбиесі
  • Өнер – бейнелеу өнері, музыка және театр өнері

Жаһандық мәнмәтін

МУР бағдарламасындағы оқу пәндерінің мазмұны «Жаһандық мәнмәтін» деп аталатын арнаулы тақырыптар төңірегінде ұйымдастырылған. Олар студенттерге шынайы өмір мен сыныпта зерттелетін материалдар арасындағы байланысты орнатуға көмектеседі.

МУР бағдарламасы бойынша оқыту және білім беру мәнмәтіндегі тұжырымдарды зерттеуді қамтиды. Жаһандық мәнмәтіндер әрекет етуші мәнмәтіндік оқытудың ортақ тұғырын қамтамасыз етеді. Олар оқыту және білім беру үшін нақты қадамдарды қамтамасыз ететін айрықша параметрлерді, оқиғалар мен жағдайларды анықтайды.

Жаһандық алты мәнмәтін адамзаттың болашағы туралы ойландырады және ортақ жер планетамызға деген жауапкершілікті оятады. Олар 11-16 жастағы жасөспірімдерге алдарында тұрған жергілікті, мемлекеттік, әлемдік проблемалар туралы, сондай-ақ күнделікті мәселелер туралы ой салады, ойландырады. Әрбір зерттелетін тарау үшін мұғалімдер мазмұнды оқыту мен білім беру үшін назарға алынатын бір жаһандық мәтінді анықтайды. Оқу процесінде студенттер барлық алты жаһандық мәнмәтінді зерттеулері тиісті, олар: «Ұқсастық пен өзара қарым-қатынас», «Кеңістік пен уақыттағы бағдарлану», «Жеке тұлғаның өзін өзі танытуы және мәдениет», «Ғылыми-техникалық инновациялар», «Жаһандану және тұрақты даму», «Адалдық және даму».

Жаһандық мәнмәтіндер бойынша бағалау Жеке жоба көмегімен жүзеге асырылады, ол өз бетінше орындалған жұмыс, MYP бағдарламасының биік шыңына жеткен оқиғасы болып табылады.

Жеке жоба студенттің MYP бағдарламасын оқып-үйренуі, зерттеуі, яғни өтуіне қарай Жаһандық мәнмәтіндерді түсінуін көрсетуге бағытталған, ол өз кезегінде өз бетінше әрекет ететін тұлға ретінде студенттің дамуын көрсетеді. Студенттер жұмысты бастамастан бұрын MYP-дің бір немесе бірнеше мұғалімін қолдау кезінде жобаны жасайтын пән мен тақырыпты анықтайды. Студентке супервайзер тағайындалады, жобаны орындайтын барлық кезеңде ол студентке қолдау көрсетеді. Жобаны дайындау оқытудың маңызды бөлігі болып табылады, өйткені бұл студент әрекетінің мәрелік өнімі болып табылады, сондықтан студент Жеке жобаны жасаудың барлық процесін кезең-кезең бойынша көрсетіп, тіркеу журналын жүргізеді. Студенттердің Жеке жобасын бағалау үшін мектепте арнаулы бағалау критерийлері қолданылады. Оған қоса, осы жобалар модерациялау үшін Халықаралық Бакалавриат ұйымына жіберіледі.

Бағалау типтері

МYР бағдарламасы бойынша екі типті бағалау жүзеге асырылады, олардың әрқайсысының өз қызметі бар.

Аралық бағалау

Аралық бағалау студент үлгерімі деңгейі мен оқуының тиімділігін ұдайы бақылап отыруға, сондай-ақ оқушының мақсатқа бара жатқандағы жеткен кезеңін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Осыдан кейін мұғалім оқыту әдістемесіне қажетті түзетулер енгізеді, ал оқушылар өздерінің оқу үлгерімін, білім деңгейін білуге, оның ішінде оқудағы ақтаңдақтарды да анықтауға мүмкіндік алады. Аралық бағалаудың мақсаты әр оқушының үлгерім деңгейін анықтау және оны дамытуға ықпал ету. Бағалау бойынша жазбалар Оқушы Келбеті журналында жүзеге асырылады.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау жыл бойы, әдетте әр тақырып соңында жүргізіледі. Қорытынды бағалаудың мақсаты – әр студенттің мақсаттарына сәйкес жетістіктерін көрсету. Бұл бағалау MYP бағдарламасының нақты аспектілері бойынша оқушының қол жеткізген дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. MYP бағдарламасы бойынша сабақ беретін мұғалімдер MYP-дің барлық бағалау түрлері, аралық бағалауда да, қорытынды бағалауда да Халықаралық Бакалавриат орнықтырған ұстанымбелгілеріне сәйкес жүзеге асырады.  Критерийлер топтар мен олардың пәндері бойынша қойылған мақсаттарға сәйкес анықталады. Қазіргі кезде сыртқы емтихандарды өткізу ресми түрде қарастырылмаған. Оның орнына Халықаралық Бакалавриат сыртқы модерациялау арқылы авторизацияланған мектептердің бағалау стандарттарын бекітеді.

Қазақ және орыс тілінде оқитын сынып студенттері арасында MYP бағалауынан басқа, яғни қазақстандық стандарттарға сәйкес бағалау түрі жүргізіледі. Берілетін деңгей MYP пәндік критерийлерге сәйкес келеді. Әр пән бойынша деңгейді анықтауға болатын арнаулы меже орнықтырылған, олар әр пән бойынша жетістіктер деңгейін анықтайды.

IBMYP сертификаты мен үлгерім табелі

10-сынып соңында берілетін IBMYP сертификаты мен үлгерім табелі  - MYP бағдарламасы бойынша оқушылардың үлгерім көрсеткіштерін көрсететін ресми құжаттар, оларды  IB ұйымы eAssessment процедурасы арқылы растайды. Қорытынды бағалар онлайн емтихан нәтижелеріне немесе ePortfolio деректеріне сәйкес қойылады.  Сертификат орнықтырылған талаптарды орындаған студенттерге ғана беріледі.

Мирастағы тиімді бағалау процедуралары түсінікті де мазмұнды есепті әзірлеуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде ата-аналарды өздерінің балаларының оқу процесіне барынша белсенді қатысуға  әкеледі деп санаймыз.

«Мирас» мектебі «тиімді бағалау – үлгерім туралы ақпараттар мен есептерді берудің тәжірибелік жүйесін жасауға ықпал етеді, ол өз кезегінде ата-аналарды балаларының оқу процесіне қызығушылығын арттырады, өзіне тартады» деп санайды. MYP бағдарламасы әр пән тобы аясында оқушылардың түрлі дағдыларын дамыту дегенді білдіреді және осындай оқыту қадамынан бас тарту студенттерді тек емтихан тапсыруға ғана даярлау деген түсінікті тудырады. Дегенмен әр тақырып (юнит) соңында және жыл соңында жүргізілетін тест жұмыстары ары қарай жалғасады. Бұл әдісті қаталдық тұрғысынан кем түсетін әдіс деп айта алмаймыз. Керісінше. Мектеп қабырғасында жыл соңына қарай кешенді тестілеу жұмыстары ұдайы жүргізілетін болады. MYP бағдарламасын аяқтаған соң студенттердің алдында Дипломдық Бағдарлама бойынша күрделі оқу курсынан өту қажет. Оқушылардың уақытты дұрыс та ұтымды пайдалануы аса маңызды, мысалы, өткен материалдарды қайталау, тест, емтихан тапсыру кезінде қиындықтарға кездеседі, осылардың бәрі оқып-білім алудағы сіңірген еңбектің зая кетпей, ақталғанын, лайықты қайтарымы болғанын талап етеді.

11 сынып (Қазақстан бағдарламасы)

Студенттер 10 сыныптан кейін 11 сыныпқа (Қазақстан бағдарламасы) немесе 11IB сыныпқа (Дипломдық бағдарлама) түсе алады.

Халықаралық «Мирас» мектебіндегі 11 сыныпқа арналған Қазақстан оқу бағдарламасы ҚР мемлекеттік оқу стандарттары мен халықаралық оқыту қадамдарын кіріктіреді. Бұл бағдарлама 16 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған. Ол халықаралық ой-сананы, өз бетінше зерттеу дағдысын, студенттердің өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқуға деген оң көзқарасын дамытады.
Оқушы Келбетінде баланы жан-жақты, атап айтқанда - физикалық, зияткерлік, эмоционалдық, этикалық жағынан дамытуға назар аударылады.

Оқу бағдарламасы өзара байланысты үш бөліктен тұрады:

  • • жазу (Written curriculum)
  • • тәжірибе (сынып жұмысы) (Taught curriculum)
  • • баға (бағалау) (Assessed curriculum)

 

Теңгерімді және логикалық жағынан сабақтас оқу бағдарламасында басты назар MYP бағдарламасымен байланыс пен вертикалды жоспарлауға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстандық бағдарламаның  11- сыныбында пәндердің инвариантты бөлігі (міндетті пәндер) оқытылады, олар: математика, бірінші тіл (қазақ немесе орыс тілі), екінші тіл (орыс немесе қазақ тілі), шет тілі (ағылшын тілі), информатика, Қазақстан тарихы, дене тәрбиесі, өзін-өзі тану және БӘД (НВП).  Курстың вариативті бөлігі  жоғары немесе стандартты деңгейде оқитын пәндерден тұрады. Жоғары деңгейде  (HL) оқып үйрену үшін гуманитарлық топтан екі пән  таңдалуы керек, олар: дүниежүзілік тарих, география, екінші шет тілі немесе құқық негіздері. Тағы да екі пән стандартты деңгейде (SL) оқып үйрену үшін таңдалынады, бұлар биология, химия, физика немесе кәсіпкерлік және бизнес негіздері. Ары қарай, студенттердің ЖОО-ға дайындалуына сәйкес пәндер ұсынылады.

11-12- сыныптарға арналған Дипломдық бағдарлама

Халықаралық «Мирас» мектебі - Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасы бойынша авторизациядан өткен Қазақстандағы алғашқы мектеп болып табылады. Мектеп 2002 ж. авторизацияланды және 2008ж, 2013ж және 2019 жылы табысты түрде қайта авторизацияланды. Осы бағдарлама бойынша білім алған түлектерге дипломдарды тапсыру Салтанаты біздің мектебімізде 18 мәрте өткізілді.  Бүгінгі күндері біздің түлектеріміздің жинақтаған жоғары нәтижесі 45 ұпайды құрап отыр (салыстырып қарағанда, Гарвард университетіне өту ұпайы - 37 ұпай). Студенттерге география, тарих, бейнелеу өнері, бизнес және менеджмент, экономика, биология, химия, физика, математика (3 деңгей), тілдер (ағылшын, орыс, француз тілдері) пәндерін қамтитын 6 пәндік топтан 6 пәнді таңдау құқығы беріледі. Таңдап алынған үш пән бойынша сабақтар (240 оқу сағаты) тереңдетіліп өткізіледі, ал қалған 3 пән бойынша сабақтар (150 оқу сағаты) стандарт деңгейде өткізіледі. Осы бағдарлама бойынша студенттерге пәндердің бірі бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жазу, «Таным теориясы» курсын оқып үйрену және қоғамдық іс-шараларға қатысу міндетті болып табылады. «Мирас» мектебінде Дипломдық бағдарлама бойынша білім беру барысы ағылшын тілінде жүргізіледі.

Халықаралық «Мирас» мектебі өзінің рухы, оқушылары мен мұғалімдерінің құрамы бойынша интернационалды болып табылады.  Дипломдық бағдарлама мұғалімдері мен студенттері 6 елдің өкілдері. Дипломдық бағдарламадағы сабақтарды тәжірибелі мұғалімдер жүргізеді, олардың көпшілігі - Халықаралық Бакалавриат ұйымының тренерлері мен емтихан қабылдаушылары. Бағдарлама бойынша оқыту әдістері ұдайы жетілдірілу үстінде.

Біздің түлектеріміз АҚШ, Ұлы Британия, Канада, Франция, Сингапур, Швейцария және Түркия, оның ішінде Гарвард университеті мен Британ Колумбиясы (Канада) университеті сияқты әлемнің танымал оқу орындарында табысты түрде білім алып жатыр.

Қандай да бір себептермен Дипломдық бағдарламада оқи алмайтын студенттерге «Diploma Programme»  курсы ұсынылады.

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search