Білім күні! Қош келдің, жаңа оқу жылы!

Білім күні - барша әлем түгелдей дерлік атап өтетін мереке. Білім күні - жаңа оқу жылының символы, оқушылармен және ұстаздармен қауышу қуанышы, мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың қайталанбас сезімдері, баласы бірінші сынып оқушысы атанған ата-ананың асыға күткен сәті. Карантиндік шектеулер аясында Алматы қ. Халықаралық «Мирас» мектебі қазір тек мектепалды, бірінші және екінші сынып оқушылары үшін өз есігін айқара ашты. Алғашқы күндерден бастап мектепте бетперде тағу тәртібі, дене қызуын өлшейтін аппарат (тепловизор) қолдану, дезинфекциялық төсеніштер төсеу, туннельдер, ғимараттын ішін, бөлмелерін, сонымен қатар мектеп аумағын санитарлық тазарту сияқты барлық санитарлық талаптар орындалуда. Дегенмен «Мирас» мектебі қашықтан оқытуды бастаған барлық оқушыларын асыға күтеді. Баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба