Тұңғыш Президент атындағы саябақта денсаулық үшін

Тұңғыш Президент атындағы саябақта денсаулық үшін

 

12 қараша күні Мирас мектебінің 1-сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа саяхат жасады.

 Балалар «Біз әлемді зерттейміз» сабақтарында қазіргі кезде «Біз кімбіз» тақырыбын қарастырып, салауатты өмір салты ережелерімен танысады.

Мұғалімдер балаларға саябақ - салауатты өмір салтын, серуендеуді және табиғатты сүйетіндер үшін тамаша орын екендігін көрсету керек деген шешім қабылдады.

Балалар саябақта жүрген адамдардың іс-әрекеттерін тамашалады, немен айналысып жатқанын және қалай айналысатындығын көрді. Біреулер жүгіріп жүр, енді біреулер велосипед теуіп жүр, тренажерларда жаттығып жатыр, дене шынықтырумен айналысып жатыр. Биікке таласа өскен Тянь-Шань шыршалары мен қайыңдар арасында отбасымен бірге серуендеп жүрген жандар.

Балалардың өздері де қуана-қуана өзара жарысқа түсіп жүгірді, ашық алаңдарда ойын ойнады, тренажерларда өздерін сынап көрді және таза ауада дене шынықтыру жаттығуларын жасап, одан кәдімгідей рақаттанып қалды.

Балалар саябақтағы табиғат көрінісінен және ондағы жануарларды тамашалаудан да үлкен эмоционалды заряд ала білді, олар шыршалардың бұтақтарында анда-санда пайда болатын тиіндерге тамсанды.

Бұл көптеген аллеялары, жасыл желектері мен субұрқақтары, тау шыңдарының таңғажайып көріністері бар нағыз оазис, ол ешкімді де бей-жай қалдырмады, әсіресе бәріміз бақылау палубасына көтеріліп, саябақты алақанымыздағыдай және қаланы алыстан көргенде ерекше сезімге бөлендік.

 Саябаққа жасалған саяхат балаларға денсаулықты сақтап, оны нығайтуға, қуат алуға және жағымды эмоцияларға бөленуге мүмкіндік беретін, тамаша демалыс сыйлайтын орын жайлы жарқын мысалды сыйға тартты!

pp 1

pp 2

pp 3

pp 4

pp 5

pp 6

pp 7

pp 8

pp 9

pp 10

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба