Болашағыңды ойласаң - «Мирасты» таңда!

     Мен Халықаралық «МIMG 6271 1ирас» мектебінің  10-сыныбына (оқыту тілі - ағылшын тілі) 2014 жылы  келдім. Қатардағы ресейлік  гимназиядан ауысып келгендіктен, ағылшын тілін білуім аздық    ететін шығар деп алаңдадым.  Ол кезде  Мирас мектебінде әлеуетімді жүзеге асыруға көмектесетін студенттердің керемет қолдау жүйесі бар екендігін білмедім.

Бұл жүйенің қазір де әрекет ететініне сенімдімін.

     Өз пәнін жетік білетін, студенттерінің жетістіктері үшін барын салатын мұғалімдер, студенттер мен ата-аналарға әрдайым құшағы ашық әкімшілік, сондай-ақ балалардың арасындағы керемет атмосфера - осының бәрі IB DP-дегі күрделі  оқуды жағымды оқиғаларға айналдырды, дәлірек айтқанда, құштарлықпен үйренуге баулыды! Маған мектепте қалыптасып үлгерген білімге деген құштарлығым мен оқуға деген көзқарасым университетте одан әрі жетістіктерге жетуіме ықпал етті. Қазіргі кезде әлемдегі беделді университеттің (UBC - Британдық Колумбия Университеті, әлемдегі ең үздік 50 университет қатарында) түлегімін, оны биохимия бағдарламасы бойынша үздік аяқтап шықтым.

    Оныншы сыныпта басталған зерттеу жұмыстарымды жалғастыру үшін докторантураға түсетін шақты асыға күтудемін.

    Өзімнің Халықаралық «Мирас» мектебінің IB DP  түлегі екендігімді шын жүректен мақтан тұтамын.

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба