Жоғары сынып оқушыларының Су туралы жобаларының бірінші Қазақстандық республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

19-23 сәуір аралығында жоғары сынып оқушыларының Су туралы жобаларының бірінші Қазақстандық республикалық байқауы (http://www.miras.kz/ru/waterproject)  онлайн режимінде өтті.

Байқауды Алматы қ. Халықаралық «Мирас» мектебі мен Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру қоры Стокгольм халықаралық су институтының   (Stockholm International Water Institute) ықпалдастығымен ұйымдастырды.

Байқауға Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары мен Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қарой ауылынан, яғни республиканың 17 мектебінен түскен 23 жоба қатысты.

Байқау Швеция Корольдігінің Жоғары мәртебелі мұрагер ханшайымы Викторияның қамқорлығымен өткізілетін және 1997 жылдан бастап жыл сайын 30-дан астам елден мыңдаған қатысушылардың қатысуымен өткізілетін беделді Stockholm Junior Water Prize халықаралық байқауының ұлттық кезеңі болып табылады.

Байқау жеңімпаздары:

1- орын - Смогулова Томирис «Суды мұнайдың төгілуінен тұрақты қорғау» жобасы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ.

2 орын - Сағындық Марғұлан, Аргутин Анастас, «Әр үйге таза су» жобасы, Алматы Халықаралық мектебі, Алматы қ.

3 орын - Ұланқызы Дильназ, Тынымбек Аят, Жанболатқызы Әсел, «Мектеп аумағында суды ұтымды пайдалану» жобасы,   Үлгілі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қарай ауылы.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы оргтехникалар сыйлық ретінде беріледі. Байқаудың барлық қатысушылары Конкурсқа қатысушысы сертификаттарын, естелік сыйлықтар мен кәдесыйларды алады.

Сонымен қатар, байқау шарттарына сәйкес жеңімпазға Стокгольм су жобасының жасөспірімдер байқауына (Stockholm Junior Water Prize)  Қазақстан атынан қатысу мәртебесі берілді. Біз Томириске жобасын халықаралық байқауда лайықты ұсынып, жеңіске жетуіне тілектеспіз!

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба