Халықаралық «Мирас» мектебі ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтайды!

Халықаралық «Мирас» мектебі ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтайды!

     Біз бейбіт заманда тіршілік етіп жатырмыз. Өмірімізді қалауымызша  сүруге мүмкіндіктер де көп. Әрбір адам оқып білім алады, қалаған жұмысын істейді. Алаңсыз демалады.  Біз елімізді мақтан тұтамыз. Осылардың бәрі ел басына күн туған отты жылдарда жанқиярлықпен шайқасқан майдангерлеріміздің 1945 жылы қол жеткізген Ұлы Жеңістің арқасында мүмкін болып отыр.

    Үш аптаның ішінде бүкіл мектеп қауымдастығы осы жарқын да маңызды мерекеге арналған челлендждерге, шаралар мен акцияларға белсене қатысты.

     Студенттер соғыс туралы өлеңдер оқыды, майданға қатысқан және тылда еңбек еткен туыстары туралы әңгімеледі; жоғары сынып оқушылары «Жеңіс диктанты» акциясына қатысты.

Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері «Поппури. Соғыс жылдарындағы әндер» акциясын өткізді. Мектептің ата-аналар қауымдастығының қолдауымен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өткізілді. Жиырма сегіз ардагерге материалдық көмек көрсетілді. Олардың бәрі біздің мектеп қауымдастығына үлкен сәлемдерін айтты,  сонымен қатар ризашылығын білдірді. Карантин жағдайында осынау құрметті алматылықтардың назардан тыс қалмағанына біз де өте қуаныштымыз. Сұрапыл соғыс жылдарының естелігі жадында сақталған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне осы Жеңіс үшін алғыс айтып, оларға көмектесу мүмкіндігіне ие болдық.

     Біздің жадымыздың жартысын  жеке естеліктер алады,  ал екінші жартысы  біз өмір сүретін қоғам жадынан тұрады [...] – Бұл екі  жарты өзара өте тығыз байланысты. Қоғамның ұжымдық жады -  оның тарихы. Егер оны ұрлатып алсақ немесе оны қайта жазып шықсақ, оны протезбен алмастырсақ, онда ақыл-ойымыз қалыпты жұмыс істей алмас еді. (Харуки Мураками)

https://mirasalmaty-my.sharepoint.com/personal/kurbanova_a_miras_kz/_layouts/15/onedrive.aspx?id=%2Fpersonal%2Fkurbanova%5Fa%5Fmiras%5Fkz%2FDocuments%2FVictory%20Day%202021%2F%D0%94%D0%B5%D0%BD%D1%8C%20%D0%9F%D0%BE%D0%B1%D0%B5%D0%B4%D1%8B%2E%20%D1%84%D0%BE%D1%82%D0%BE%20%D0%B2%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BE&ct=1620727947390&or=OWA%2DNT&cid=31b2dfde%2D47ad%2De572%2D9607%2D7491ae04f440&originalPath=aHR0cHM6Ly9taXJhc2FsbWF0eS1teS5zaGFyZXBvaW50LmNvbS86ZjovZy9wZXJzb25hbC9rdXJiYW5vdmFfYV9taXJhc19rei9FamdLZ19neWlBVkJtQzE2LUQtTkNENEJqRVdOWjhsQUFrRzh3UjlEdEE4VEt3P3J0aW1lPXR0SnBnbVVVMlVn

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба