Құрметті ата-аналар!

Халықаралық «Мирас» мектебіне қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Оқушыларды қабылдау офисіне қош келдіңіздер!

 

Сіздер мектеп туралы, мектепке қабылдау тәртібі туралы ақпаратты офистен ала аласыздар.

Жұмыс уақыты:  дүйсенбіден жұмаға дейін, сағ. 08:00 - 17:00

тел. 8 727 242 16 76

8 727 242 16 65

8 771 104 00 80

Электронды мекенжай: admissions@miras.kz

Құрметті ата-аналар! Халықаралық «Мирас» мектебінің балабақшасы 3 жастағы балаларға арналған топтарға қабылдау жұмысын бастады.

Біз ұсынамыз:

  • авторлық бағдарлама бойынша қазақ немесе орыс тілінде тәрбие және білім беру;
  • оқыту мен тәрбие берудегі инклюзивті қадамдар;
  • ыңғайлы да заманауи жабдықталған топтар;
  • күніне 5 мәрте теңгерімді тамақтандыру;
  • кәсіби медициналық қызмет;
  • кең аумақ, ойын кешені;
  • тәулік бойғы күзет қызметі.

Жұмыс уақыты: 08.00 – 18.00.

Қосымша

  • Логопед/психолог
  • Ағылшын тілі
  • Lego-құрылымдау
  • Хореография
  • Музыкалық және спорттық іс-шаралар

Қабылдау кезеңдері

Image
Қабылдау туралы толық ақпаратты, қабылдау алгоритмін осы жерден

Мектепке қабылдау тәртібі

  1. miras.kz сайтындағы мектеп туралы ақпаратпен (оқу бағдарламалары, мектеп саясаты және т.б.) танысу.
  2. Оқушыларды қабылдау менеджерімен кездесу. Мектеппен танысу туры.
  3. Мектепке түсу туралы өтінішті рәсімдеу.
  4. Балаға қабылдау тестін тағайындау. Тестілеу құны – 12000 тг. Түсу тестінің ақысы  мектеп бухгалтериясына төленеді.
  5. Тестілеуді өткізу.
  6. Тест нәтижелері туралы ақпарат беру (3 жұмыс күні ішінде)
  7. Келісімшарт жасау. Оқушыны қабылдау туралы бұйрықты рәсімдеу. Бұл үшін сіз тиісті құжаттарды ұсынуыңыз керек (құжаттар тізімі көрсетілген бетке сілтеме).
Мектепке қабылдау шарты мен ережесі

Баланың жас мөлшері және сәйкес сыныбы/балабақшадағы тобы

1- қыркүйек-тегі жасы

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

5

16

17

Бастауыш мектеп                                                        Орта мектеп

Сынып

Орта топ

Ересек топ

Мектепалды

1 сынып

2 сынып

3 сынып

4 сынып

5 сынып

6 сынып

7 сынып

8 сынып

9 сынып

10 сынып

11 сынып

12 сынып

Оқуға  қабылдау  баланың  жасын  ескере  отырып,  түсу  тестілеуі  нәтижелері  негізінде  жүзеге асырылады.

Бастауыш мектепке қабылдау (балабақша, мектепалды, 1 – 4 сынып)

Балабақша және мектепалды

Балабақша немесе мектепалдыға қабылдау үшін психолог, тәрбиеші/мұғалім және үйлестіруші баламен әңгімелеседі.

Мектепалдыға  түсу  кезінде  баламен  математика  және  қазақ/орыс/ағылшын  тілдері  бойынша (оқыту тіліне сәйкес) әңгімелесу жүргізіледі.

Балабақша немесе мектепалдыға қабылдау туралы соңғы шешімді мектеп директоры қабылдайды.

1-4 сынып

Түсу тестілеуі:

  • Математика («Мирас» мектебіндегі оқу жүргізілетін тілдердің бірінде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде);
  • Қазақ, ағылшын немесе орыс тілі (оқу жүргізілетін тілге сәйкес);
  • Ағылшын тілі (ағылшын тілі ана тілі болып саналмайтын шетелдік студенттер үшін);
  • Психологпен әңгімелесу (1-сынып үшін).

Мектепке қабылдану үшін білімін 60%-дан  кем түспейтін деңгейде көрсету қажет.

 

Орта мектепке (5-10 сынып) және Қазақстан бағдарламасы (орта мектеп) бойынша 11 сыныпқа  қабылдау

Түсу тестілеуі

  • ағылшын тілі жəне ағылшын тіліндегі математика (ағылшын тілінде оқитын сынып)
  • орыс тілі, орыс тіліндегі математика, ағылшын тілі (орыс тілінде оқитын сынып)
  • қазақ тілі, қазақ тіліндегі математика, ағылшын тілі (қазақ тілінде оқитын сынып)

Мектепке түсу үшін әр пән бойынша аз дегенде 60%-дан кем түспейтін білім деңгейін көрсету қажет. Тілдік тестілер бойынша 50% -дан 59% -ға дейін көрсеткен оқушылар əңгімелесудің қорытындысы бойынша мектепке сынақ мерзімімен мектепке қабылдана алады.

Математика бойынша кем дегенде 50% жинау керек. Бұлардан төменірек ұпай (35-49%) жинақтаған  студент сынақ мерзімімен оқуға қабылданады. 

Қазақстандық білім беру бағдарламасы бойынша 11-сыныпқа қабылдау ата-ананың өтініші, негізгі орта білім туралы куәлік немесе MYP сертификаты, 10-сынып бойынша үлгерімі туралы құжат негізінде жүзеге асырылады. Оқу тілі - орыс немесе қазақ тілі.

IB Дипломдық бағдарламаға (11-12 сыныптар) қабылдау

 

Түсу емтихандарын тапсыру:

  • Ана тілі (Ағылшын, орыс тілі)
  • әдеби шығармаларды талдау
  • эссе
  • Ағылшын тілі екінші тіл ретінде (ESL)
  • мәтінді оқу және түсіну
  • эссе
  • Математика

Білім беру қорының Нұр-Сұлтан қ. немесе Алматы қ. мектептеріндегі IB Дипломдық бағдарламасына түсу тестілеуі сәуірдің екінші жартысында, мамырда және тамыздың екінші жартысында жүргізіледі.  Сәуір айында емтихандарды сәтті тапсыра алмаған студенттер тамыз айында қайта тапсыра алды.

Түсу емтихандарын ұйымдастырудың барлық ережелері сақталған жағдайда үміткерлер оқитын мектеп қабырғасында түсу емтихандары жүргізіле алады.

Емтихан жұмыстарының сканерленген нәтижелері Дипломдық бағдарлама үйлестірушісінің электрондық поштасына жіберіледі, жұмыстың түпнұсқасы Нұр-Сұлтан қ. немесе Алматы қ.   «Мирас» мектебіне пошта арқылы жеткізіледі.

Сұхбат

Егер    емтихан         нәтижелері    күмән туғызатын      болса, директордың орта    мектеп бойынша орынбасарымен  және  Дипломдық  бағдарлама  үйлестірушісімен  қосымша  сұхбат ұйымдастырылуы мүмкін.

Мектепке қабылдау ережесі
«Мирас» мектебіне түсу үшін қажетті құжаттар
Оқудың құны бағасы
Мектеп киімінің бағасы
face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба