PYP Exhibition 2023

«Мирас» бастауыш мектебінің 4-сынып оқушыларының тартымды «PYP exhibition -2023» көрмесі болып өтті. Бұл академиялық сағаттан тыс уақытта белгілі бір тақырып аясында терең зерттеулерді қамтитын студенттер мен мұғалімдердің бірлескен жұмысы болатын. «Мирас» мектебінің PYP бағдарламасы – халықаралық  білім берудің озық үлгілері мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру стандарттарын кіріктіретін бірегей бағдарлама. Көрме студенттерге қоршаған әлемнің мәселелерін шешуге талпына отырып, өздерінің белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, сонымен қатар жинақтаған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге мүмкіндік берді. Биылғы жылдың тақырыбы - «Біз кімбіз» - өзімізді, нанымдарымыз бен құндылықтарымызды, физикалық, психикалық, әлеуметтік және рухани денсаулықты зерттеу, сондай-ақ отбасы, достық, қоғам және мәдениет негіздерін зерттеу. Сондай-ақ оқушылар балалардың құқықтары мен міндеттерін қарастырып, нағыз Адам болудың не екенін түсіне білді. Бұл өте қызықты әрі танымға толы зерттеу жұмысы болды!

PYP050523.jpg

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба