Құрметті ата-аналар, студенттер, әріптестер!
Мектебіміздің веб-сайтына қош келдіңіздер! Мирас мектебі білім беру нарығында он алты жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Ол - Қазақстандағы Халықаралық Бакалавриаттың үш бағдарламасы бойынша авторизацияланған және халықаралық мектептердің Кеңесі (CIS).
Оқу орнының осындай мәртебесі мектеп түлектері шетелдік жоғары оқу орындары мен колледждерге түсерде айтарлықтай артықшылықтар береді, IB Дипломдық Бағдарламасының түлектері әлемнің ең танымал университеттеріне емтихансыз қабылданады. Сонымен қатар Мирасты бітірген түлектері мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатты да алып шығады.
Мирас –білім беру ұйымы ғана емес, сондай-ақ ол - студенттер, мұғалімдер, ата-аналар қауымдастығы, татулығы жарасқан бір отбасы,оның негізінде интернационалдық сезім, өз елі мен басқа елдердің мәдениеті мен дәстүріне көрсетілетін құрмет, тиімді жүзеге асырылатын ынтымақтастық жатыр. Біздің мектепте білім беру философиясы оқытуға зерттеушілік тұрғыда қарап, заттардың табиғатын тұжырымды, біртұтас, үйлесімді етіп түсінуге, сапалы түрде өзара әрекеттесуге негізделген.
Мектепте оқыту үш тілде жүргізіледі, олар: қазақ, ағылшын және орыс тілдері; сондай-ақ мұнда француз, қытай және т.б. тілдердің дамуы да қолдауға ие. Мектепте ақпараттық технология жүйесі модерленуде, оқу қоры жетілдірілу үстінде.
Биыл бір студентіміз CIS марапатына ие болды, ал екі студентіміз Республикалық олимпиадалардың жеңімпазы атанып, «Үркер» құрмет белгісін иемденді.
Баршаңызға оқу жылын табысты аяқтап, емтихандарды жақсы нәтижелермен тапсыруларыңызға тілектестігімді білдіремін! Келесі оқу жылында «Мираста» жүздескенше!
Құрметпен,
Ирина Рамильевна Власянц,
Халықаралық «Мирас» мектебінің директоры
Мектеп мүддесі
Алматы қ. Халықаралық «Мирас» мектебі көп тілді оқу ортасын қолдай отырып, отандық және халықаралық білім стандарттарын кіріктіруге негізделген сапалы білім береді. «Мирас» өмір бойы білім алуға дайын, түрлі ұлттардың мәдениетін құрметтейтін және планетаның болашағына жауапкершілікпен қарайтын студенттерді тәрбиелейді.
Мектеп философиясы
Студенттердің Халықаралық «Мирас» мектебінен алған білімдері шынайы өмірмен байланысты жəне қолданбалы сипатқа ие. Халықаралық «Мирас» мектебі оқушылардың санасында қоғамдық келісім мен бірлік рухы туралы түсініктің қалыптастырылуына ықпал етеді. Халықаралық «Мирас» мектебі оқытудың жоғары стандарттарын жетілдіру үстінде үнемі жұмыс істейді.
Біздің бағдарламаларымыз бен іс-тəжірибеміз келесі тұжырымдарға негізделген:
Студентті дамыту
Тұтас білім беру студенттердің əлеуметтік, парасаттылық, физикалық жəне эстетикалық жағын дамытады жəне өз кезегінде үлкен өмірге, құбылмалы əлем жағдайындағы өмірге дайындалуға көмектеседі. Мираста студенттер келесі дағдылар мен қабілеттерді дамытады: қамқорлық, бұлжымастық, қоғамға үлес қосу, өзін қоршаған адамдарға, басқа қоғамдарға жəне тұтас алып қарағандағы əлемге құрмет көрсету.
Əлеуметтік жəне мəдени кіріктіру
Мектеп қауымдастығы мəдени ерекшеліктер мен адам құқығын жоғары қояды. Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша барлық студенттер біртұтас халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады, мұнда алуан түрлі мəдениетті түсіне білу, оларға құрмет білдіру, сондай-ақ төзіммен қарау қарым-қатынасын дамыту ісі жатыр. Біз Қазақ тілінің маңызын, оның мəдениетін, сондай-ақ оның ары қарай дамуына деген ұмтылысты түсінеміз.
Білім алу жəне оқыту əлеуеті
Сапалы білім беру əрбір студентке жекелей білім беруге, алынған білім мен іс- тəжірибенің маңыздылығына қарай бағытталады. Студенттің алған білімі мен тəжірибесі өзінің əлеуетін толық деңгейде дамытуға ары қарай ынталандыратын болады.
Перспективті оқу жоспары
Ең жақсы мектеп жоспарлары студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып, олардың талаптарына жауап беретін көптеген құрылымдық əдістерді өзіне қамтиды. Біздің оқуға жасалған қадамдарымыз бəрін білгісі келу, шығармашылық мүмкіндіктер, күрделі жəне арнадатушы шытырман мəселелерді шешуге бағытталған парасаттылық дағдыларды, сынау жəне өз бетінше ойлану қабілетін дамытады.
Жоғары білікті жəне оптимистік көңіл-күйдегі ұжым
Халықаралық «Мирас» мектебінің барлық мұғалімдері жоғары білікті, олар студенттерге өз əлеуетінің толық ашылуына көмектеседі, олардың таланттарын мектепте, тұтас алсақ қауымдастықта дамытуға ықпал етеді. Мирас мектебінің персоналы өзінің кəсіби дамыту жағынан үзбей жұмыс істеп келеді.
Мектеп қауымдастығы
Халықаралық мектебі факультеттерді, мектеп қызметкерлерін, отбасылар мен студенттерді өзіне қамтитын, өз кезегінде жауапкершілігі мол азаматтың машықтары мен алар орнын дамытатын күшті жəне ынтымақты қауымдастық болып табылады. Біз ата- аналар мен қауымдастықтың атсалысуы мен ынтымақтастығын белсенді түрде үзбей іздестіріп отырамыз.
Сенімділік
Мұғалімдер, əкімшілік, студенттер мен ата-аналар бірлесіп жұмыс істей отырып, студенттердің білім алу мақсаттарына ортақ күштерін бағыттайды.
Мүмкіндіктер мен қорлар
Студенттерге қауіпсіз жəне ынтасын оятатын оқыту ортасын ұсынады, мұнда олар академиялық бағдарлама, атлетика жəне суретсалу өнері сияқты оқу бағдарламаларының алуан түрімен танысады.