Ерекше мақтаныш сыйлаған қуанышты хабарымызбен бөліскіміз келеді!

Жақында әлемнің әр түкпірінен жиналған, 50-ден астам ел өкілдерінің басын қосқан экономика пәні бойынша Халықаралық олимпиада аяқталды.
Греция жерінде өткен бұл елеулі шараға зияткер жастардың ең жарқын өкілдері жиналды. Қатысушылар алдында жоғары интеллектіні, стратегиялық пайымдауды талап ететін, экономика пәні бойынша күрделі олимпиадалық тапсырмалар тұрды.
Біздің студентіміз - 11 IB сыныбының оқушысы Назар Беркімбай екінші орынды иеленіп, күміс медальге қол жеткізді. Бұл - еліміз үшін тамаша жетістік, өйткені бұл медаль экономика пәні бойынша Қазақстан оқушыларының соңғы үш жылдағы қол жеткізген алғашқы медалі. Назарға алдағы уақытта тағы да мықты жеңістер тілейміз, оның жеңісі бәріміз үшін шабыт баспалдағы болсын!

silver150823.jpg

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба