Табиғат-Анаға баға жетпес сыйлары үшін мың алғыс!

Сәлеметсіздер ме, құрметті достар және ата-аналар! Біз - МИРАС мектебінің ұжымы, өздеріңізбен тамаша жаңалығымыз жайлы бөлісуге асықпыз! Бүгін біздің оқушылар бірлесе отырып, 28 панфиловшылар саябағында қайырымдылық акциясын өткізді. Осы шараның нәтижесінде балалар көп мөлшерде жаңғақ жинап үлгерді.

Жаңғақ жинау шарасы - ауқымды әрі қайырымдылық сияқты ізгілікке толы іс-әрекет. Жиналған емен жаңғақтардың барлығы қаланың орталық хайуанаттар бағына жеткізіледі. Хайуанаттар бағы өз тарапынан балаларға алғыс ретінде жаңғақтарды кіру билеттеріне айырбастайды. Ал бұл билеттер өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне табысталады.

Біз оқушыларымызды және олардың әлемді жақсартуға деген ұмтылысын мақтан тұтамыз!

news1610231.jpg

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба