«МИРАСТАҒЫ» Мансап күні

Кім болам? Мектебіміздің қабырғасында өткен Мансап күні оқушыларға керемет мүмкіндіктер мен перспективалар әлемін ашты! Әр түрлі қызмет салаларындағы профессионал кәсіп иелері, ерекше де креативті тұлғалар балалармен өз тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісті. Өз кезегінде оларға қызықты сұрақтарын қойған студенттер де өздері үшін жаңа көкжиектерді ашып, шабытқа бөленді. Міне, болашақ осылайша біртіндеп, кезең-кезеңімен құрыла бастайды!

Халықаралық «МИРАС» мектебінде өткен Мансап күні аясында іс-шараға шақырылған келесі спикерлерге алғысымызды білдіргіміз келеді:

  • Александр Пак, ақпараттық технологиялар саласының маманы, IT секторы және жасанды интеллект саласы бойынша білімі мен тәжірибесін ортаға салды.
  • Григорий Алексеевич Мун, академик, профессор, химия ғылымдарының докторы, студенттерге органикалық заттардың даму процесі мен өндіріс кезеңдері туралы әңгімелеп берді.
  • Иван Тимофеевич Пак, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, студенттермен математиканың заманауи әлемдегі рөлі, осы пәннің әр адам үшін маңыздылығы туралы қызықты әңгіме өткізді.
  • Феруза Махаметова, "Air Astana" авиакомпаниясының персоналды іріктеу жөніндегі маманы, компанияның табысты дамуы үшін кадрларды іріктеудің маңыздылығы және оның тиімді әдістері туралы айтып берді.
  • Алмас Байғожин, "Air Astana" авиакомпаниясы Airbus-ының екінші ұшқышы, авиация және пилоттық салаларда жинақтаған тәжірибесімен бөлісті.
  • Алихан Мұсатаев, маркетинг жөніндегі директор және "M-agency" медиа агенттігінің негізін қалаушы, маркетинг бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
  • Зейнель Момынқұлов пен Айнұр Жұмашева Сomputer Science саласындағы заманауи трендтер туралы ақпараттарды ұсынды.
  • Бахтыгүл Жұмағұлова, қаржыгер, басқарушы қаржы туралы және осы салада табысқа жету үшін қандай дағдыларға ие болу керектігі туралы баяндады.
  • Бағлан Уатаев digital-маркетинг саласы бойынша өз білімімен бөлісті.

Осы іс-шараны ұйымдастыруға ықпал еткені үшін Кубашева Жібек Абдықадырқызына айрықша алғысымызды білдіреміз.

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба