Халықаралық MIRAS мектебіндегі мектепалды даярлықты бітіру салтанаты

Бүгін әсерлі де қуанышты шара — мектепалды балалардың бітіру кеші өтті! Кішкентай оқушылардың өміріндегі маңызды кезеңді атап өтуге жиналған балалар, ата-аналар мен тәрбиешілер үшін бұл күн нағыз мерекеге айналды.

Мектепалды даярлықты бітіру кешінің бағдарламасы көптеген жарқын да есте қаларлық сәттерді қамтыды. Балалар көрермендердің ыстық ықыласына бөленген музыкалық және би нөмірлерін дайындады. Сондай-ақ, балалар көріністерді сахналап, тақпақтарын айтып беріп, мектепалдыда үйреніп-білгендерінің бәрін ортаға салды.

Оқушылардың жетістікке жетуіне барын салған біздің мұғалімдер мен тәрбиешілер айрықша алғысқа лайық. Олардың қамқорлығы, шыдамдылығы мен кәсібилігі балаларға осы кезеңді сәтті аяқтап, келесі кезеңге қадам басуына, атап айтқанда бастауыш мектепке дайындалуына зор ықпал етті.

Біз түлектерді құттықтай отырып, оларға білім жолында жарқын жетістіктер, жаңа жеңістер тілейміз!

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба