Nauryz International Fest 2021

Nauryz International Fest 2021

Жадыраған күн, көптен күткен жылулықпен біздің Жер-Анаға әз Наурыз да келіп жетті. Бұл мереке - ізгіліктің, жаңалықтың, көгілдір көктем мен тазалықтың белгісі.

16 сәуір күні мектеп қабырғасында осы айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шаралар өткізілді.

Мектептің студенттер кеңесі сол күні оқушылардың бәріне әр ұлттың костюмдерімен келуге шақырды. Балалардың бастамасын бүкіл мектеп қауымдастығы қолдады!

Сынып сағаты барысында ұлттық ойындар ойналды, асфальтта сурет салу, әр түрлі тілдерде өлең оқу байқаулары өтті. 11-сынып оқушылары аллеяға ағаш отырғызды. Екінші сынып оқушылары «Зерттеу» бағдарламасы аясында «Ағаш отырғыз» акциясын өткізді. Оқушыларымыздың көңіл-күйлері қуанышты, көктемдей жайсаң, мерекелі болды!

Оқушыларымыз керемет көңіл-күйде, ерекше қуанышты шаттық сезімде болды!

Студенттік кеңес бес жылдан бері ауыр дертке шалдыққан Анна Ивановаға көмек беру мақсатында қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Біз осы қызға үнемі көмектесіп келе жатқан, осы жолы 200 000 теңгеден астам қаражат берген 6 «А» сыныбының ата-аналарына алғыс айтамыз. 11IB сыныбының оқушылары Аняға көмекке деп 50 000 теңге жинады.

Қайырымдылық акциясы келесі аптаның соңына дейін жалғасады.

Жақсы істерді бірге жасайық!

Үлкендерге құрмет көрсету, жақындарыңа қамқор әрі мейірімді болу үшін «адам» деп аталатын ғажап құқық берілген. (Петр Квятковский)

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба