«Мирас» халықаралық мектебінде оқуға гранттар табыс етілді

6-7 қазанда «Халық» қайырымдылық қоры» жеке қоры мен «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ құрған Астана және Алматы қалаларының «Мирас» халықаралық мектептерінде оқуға гранттар табыс етілді.

2022 жылғы сәуір-тамыз айлары аралығында «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ 2022-2023 оқу жылына арналған 9-11 сынып оқушылары үшін Астана және Алматы қалаларының «Мирас» халықаралық мектептерінде оқуға гранттар алуға II ашық конкурс өткізді.

Конкурсқа 146 үміткер тіркелді, 110 қатысушы тестілеуден өтті (74 оқушы Алматыда және 36 оқушы Астанада).

2022-2023 оқу жылына оқуға гранттар алуға іріктеуде мейлінше жоғары нәтижелер көрсеткен студенттер таңдалды.

Конкурс қорытындысы бойынша биылғы оқу жылы 17 грант бөлінді.

«Халық» қайырымдылық қоры» қызметінің басым бағыттарының бірі - еліміздің үздік білім беру мекемелерінде білім алу үшін гранттар бөлу арқылы талантты және дарынды жастарды қолдау болып табылады.

 

 

 

 

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба