«Мирас» мектебінің 11IB сынып оқушысы

Назар Беркімбай – Алматыдағы «Мирас» мектебінің 11IB сынып оқушысы. Оның портфолиосында Almaty Maths Battles әлеуметтік ұйымын құру идеясы бар. Назар алдымен «Мираста», кейін American Space Almaty базасында математика клубын ашты, демеушілер тауып, сарапшылармен кеңестер өткізді, клубтың өзге қатысушыларымен бірге тапсырмалар құрастырды.

Нәтижесінде оның командасы 6 қаланың 20 мектебінен 250-ден астам оқушы қатысқан екі турнир ұйымдастыруды іске асырды. Соңғы турнирдің қоры 1,7 миллион теңгені құрады. Назардың барлық тілек білдірушілер үшін олимпиадалық математика бойынша сабақтар өткізу жоспары бар. Жас жігіт өз табысының құпиясымен бөлісті.

nazar021222.jpeg

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба