21 сәуірде «Мирас» халықаралық мектебінің студенттері Наурыз мерекесін қуанышпен қарсы алды!

Біздің оқушылар мектеп қауымдастығының бірлігі мен алуан түрлілігін көрсете отырып, мерекеге түрлі халықтардың ұлттық  киімдерін киіп шықты.  Біз ұлттық ойындар, асфальтта сурет салу байқауларын және әлемнің түрлі тілдерінде өлең оқу іс-шараларын ұйымдастырдық. Ал түлектер дәстүр бойынша бақ аллеяларының біріне ағаш отырғызу рәсімін іске асырды.

Біз жыл сайын қайырымдылық акцияларын өткіземіз және ол биыл да назардан тыс қалмады. Үш апта бойы мектеп қауымдастығы көмекке мұқтаж балалар үшін ең қажетті заттарды жинақтады.

Біз жеті жылдан бері ауыр науқастан азап шегіп жүрген кішкентай Аня Ивановаға қолдау көрсетіп келеміз. Қыз баланы емдету үшін 700 000 теңге аударған 8 «А» сыныбының ата-аналарына, Ізбасин Қаныш Теміртайұлына және Карбозова Ботагөз Көрпешқызына зор алғысымызды білдіреміз.

Бірге атқарған игі істерімізбен әлемді жарқын етуге қосар үлесімізді жалғастыра түсейік! «Мирас» – мейрімге толы жүректер мектебі!

 

nauryz2220423

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба