Түлектерге аттестат тапсыру рәсімі

5 маусым күні 11 және 12 сынып оқушыларына аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өткізілді.

Карантинге байланысты шара жаңа форматта өтті. Дегенмен түлектеріміз  үшін бұл күн есте қалатындай болуы үшін бәрін жасауға тырыстық. Салтанатты атмосфера, музыка пәнінің мұғалімі Ұрымбаев Медеттің орындауындағы  әсем ән жүректерді тербеді, бұл ахуал салтанатқа қатысушылар үшін өте әсерлі болды. Мектеп бітірушілер  үшін өмір кітабының жаңа парағы ашылғалы тұр. 2020 түлектерінің алдында сан жолдар сайрап жатыр,  арман жетегінде кім қай жолды таңдап, басып өтер екен? Біз оларға: «Болашақ өздеріне байланысты, бәрі өз қолдарыңда, қымбатты 2020 түлектері! Алда үлкен, ересек өмір тосып тұр! Ақжол!!!» деп ақжарма тілегімізді жолдаймыз.

2.jpg

3.jpg

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search