2020 жылғы дипломдық бағдарлама нәтижелері

Сіздерге IBDP 2020 студенттері қол жеткізген керемет табыстарды зор қуанышпен хабарлаймыз.

Darina7755.jpeg

Мамырова Дарина 42 ұпай жинап, тамаша жетістікке ие болды! Бұл - ең жоғары мүмкіндікке (45 ұпай) жуық көрсеткіш. Даринаның зияткерлік қабілеті жоғары, ол жақсы нәтижеге ынталы, еңбекқор әрі алдына мақсат қойып, оған жете білетін студент. Бәрекелді,  керемет нәтиже!!!

nazerke557.jpg

«Мирас» мектебінің Дипломдық бағдарлама мұғалімдері ауыз толтырып айтатын тағы бір жетістік - Кәрім Назеркенің жинақтаған 41 ұпайы. Назерке өзін-өзі ұйымдастыра білетін, тынбай жұмыс істейтін еңбекқор студент, ол осы басым қасиеттерімен ерекше. Назеркенің көрсеткіші - мақтануға лайықты көрсеткіш!

Халықаралық Бакалавриат дипломы табысталған IBDP 2020 түлектерінің барлығын да мақтан тұтамыз!

2020 жылғы IBDP түлектері - шын мықтылар! Сіздер Мирастың тарихында жарқын із қалдыра білдіңіздер. Сіздер - Дипломдық бағдарламаның болашақ студенттеріне үлгі боласыздар!

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search