БҰҰ Моделі "MIS MUN-2021" халықаралық конференциясы

БҰҰ Моделі "MIS MUN-2021" халықаралық конференциясы

    25 және 26 ақпанда "Мирас" халықаралық мектебінде жыл сайынғы "БҰҰ Моделі "MIS MUN-2021" конференциясы  алғаш рет онлайн-форматта өтеді.

     Конференцияның тақырыбы "Жаһандық өзгерістер әлемі: жаңғырту стратегиялары". Бұл іс-шараға Нұр-сұлтан, Мәскеу, Баку, Семей, Орал және Алматы қалаларының студенттері мен оқушылары қатысады. Форумның жұмысы ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде болады.         Қатысушылар проблемаларды кешенді шешу, елдердің басқа өкілдерімен іс-қимылдарды үйлестіру, тәуелсіз ойлау, жаһандық проблемаларды талқылауда біліктерін көрсету, келіссөздер процесінде өзара іс-қимыл жасау, танымдық қабілеттерін, мәдениетаралық хабардарлығын, креативтілігін көрсету сияқты біліктері мен дағдыларын дамыта алады. 

Онлайн-конференция барысында баспасөз орталығы, сарапшылар тобы жұмыс істейді.

БҰҰ Моделі "MIS MUN-2021" халықаралық конференциясының ашылу салтанаты 2021 жылғы 25 ақпанда сағат 11:00-де өтеді.

icon MUN

 

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search