«БАТЫЛДЫҚ ҚОРАПШАСЫ»

«БАТЫЛДЫҚ ҚОРАПШАСЫ» қайырымдылық акциясы Балалар онкологиясы және гематологиясы бөлімшесіндегі науқас балаларға арналған.

1 маусым күні «Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру қоры» ҚҚ филиалы - Алматы қ. Халықаралық «Мирас» мектебі, «Салауатты Азия» Қоғамдық қоры және  «Marwin»  балалар тауарлары дүкендер жүйесі Достық пен Жолдасбеков көшелерінің қиылысында орналасқан «Dostyk Plaza» сауда орталығындағы «MARWIN» балалар тауарлары Сауда үйінде «Батылдық қорапшасы» қайырымдылық акциясы акциясын өткізеді.

Акцияны қалай қолдай аласыз:

2021 жылдың 1 маусымында акцияға қолдау көрсеткісі келген жандардың барлығы Достық пен Жолдасбеков көшелерінің қиылысында орналасқан «Dostyk Plaza» сауда орталығындағы «MARWIN» дүкеніне келіп, ойыншық сатып алып, оны «Батылдық қорашасына» салуы керек.

Акция уақыты: 17:00-ден 19:00-ге дейін.

Акция ұйымдастырушылары - Халықаралық «Мирас» мектебінің  оқушылары ойыншықтарға қойылатын талаптар жайлы айтып береді.

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search