БҰҰ Моделі "MIS MUN-2022" халықаралық конференциясы

mis_mun_500x350.jpg

24 және 25 ақпанда "Мирас" халықаралық мектебінде "БҰҰ Моделі «MIS MUN-2022" атты жыл сайынғы конференция өтеді, онлайн-форматта.

Конференция тақырыбы - "Жаһандық азаматтық: жас ұрпақ үшін таңдау және жаңа сын-қатерлер". Бұл іс-шараға Нұр-Cұлтан, Мәскеу, Санкт-Петербург, Нижний Новгород, Киев, Баку, Павлодар, Орал, Түркістан және Алматы қалаларының студенттері мен оқушылары қатысады. Форумның жұмыс тілдері ағылшын, қазақ және орыс тілдері болады.

Онлайн-конференция барысында баспасөз орталығы, сарапшылар тобы жұмыс істейді.

БҰҰ Моделі «MIS MUN-2022" халықаралық конференциясының ашылу салтанаты 24 ақпанда сағат 11:30-да өтеді.

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search