28 оқушы 2023-2024 оқу жылында Халықаралық «Мирас» мектептерінің жоғары сыныптарында оқу грантын иемденді.

2023 жылдың ақпанынан мамыр айына дейінгі кезеңде оқу гранттарының байқауы өткізілді. Оған Мирас мектептерінің 10-11-сыныптарында оқуға үміткерлік білдірген 180-нен астам оқушы қатысты.
«Халық» қайырымдылық қоры мен NNEF Білім беру Қоры 100%, 50% және 30% көлемдегі жеңілдік ұсынатын оқу гранттарын бөлді. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік мектептерде оқитын балаларға беделді IB Дипломдық бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндік беру.
Тестілеуге Ақтау, Атырау, Павлодар, Астана қалаларының, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстары мектептерінің оқушылары қатысып, сапалы білім алуға деген дайындықтары мен ынталарын көрсете білді.
Байқау нәтижесі бойынша байқаудағы іріктеуде ең жоғары көрсеткішке жеткен 28 қатысушы оқу грантына ие болды, атап айтқанда:
Алматы қ. Халықаралық «Мирас» мектебінде келесі оқу жылына 100% грантты жеңіп алған ұміткерлер:

Еркебұланұлы Ерсұлтан, 11 ІВ сыныбы
Бекеева Жансая, 11 ІВ сыныбы
Төлегенов Амир, 11 ІВ сыныбы

Астана қ. Халықаралық «Мирас» мектебінің оқу гранттары келесі оқушыларға берілді:

Айтасова Назира, DР-1
Жақсығалиева Саяжан, DР-1
Жақсығалиева Аида, DР-1
Кусайын Мухаммад, DР-1
Серікқали Абдрахман, DР-2

Біз 50%-дық грантқа қол жеткізген келесі үміткерлерді құттықтаймыз, олар:

Алматы қ. Халықаралық «Мирас» мектебіне:
Ким Евгения, 11 ІВ сыныбы
Серікқали Данял, 11 ІВ сыныбы
Абилов Тимур, 11 ІВ сыныбы
Иманбаев Амиржан, 10 RTS
Оспанова Томирис, 10 ETS

Астана қ. Халықаралық «Мирас» мектебіне:

Сейтенова Адия, DР -1
Ильясов Ансар, DР -1
Шәріп Алдияр, DР-1
Аманжол Айсана, DР -2

Алматы қ. Халықаралық «Мирас» мектебінде білім алу үшін NNEF қорының 30% грантын алған оқушылар:

Амирбай Тоғжан, 11 ІВ сыныбы
Югай Виктория, 11 ІВ сыныбы
Утяшев Михаил, 11 ІВ сыныбы
Смағұлова Дана, 11 ІВ сыныбы
Требисов Николай, 11 ІВ сыныбы
Баемирова Жизель, 11 сынып
Стремская Полина, 10 сынып
Бериков Даниал, 10 сынып
Рустамова Эсмира, 10 сынып
Султанова Ясмин, 10 сынып
Шалабаев Жангирхан, 10 сынып

Мирас мектептері Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) аккредитациясынан өткен. Бұл мәртебе түлектерге әлемдегі ең жақсы университеттер мен колледждердің есігін ашуға мүмкіндік береді. Сіздердің жетістіктеріңіз - бізге мақтаныш, біз Сіздерді арманға жету жолында әрдайым қолдағымыз келеді. Сіздерге және сіздердің әлеуеттеріңізге шын жүректен сенеміз және оқуда жоғары нәтижелерге жетуге көмектесуге тырысамыз.
Білім алу жолында жарқын табыстар тілейміз!

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба