«Денсаулық мықты болса - керемет!»

«Денсаулық мықты болса - керемет!»

Егер сіз кез келген адамнан «әлемдегі ең танымал ойын қандай?» деп сұрасаңыз, онда көпшілігі «әрине, футбол» деп жауап береді. Біздің мектепте де  спорттың осы түрін қатты  жақсы көреді. Мектебіміздің алаңында 20 жыл барысында қаланың жекеменшік мектептері арасындағы талай жарыстар өткізілді. Біздің мектептің командасы бірнеше рет футбол турнирлері мен чемпионаттарының жеңімпаздары атанды. Сондай-ақ, 2016 жылы әлемге әйгілі «Реал Мадрид»  футбол клубы осы спорт түрінің барлық жанкүйерлеріне шеберлік сабақтарын өткізу үшін мектебіміздің футбол алаңын таңдады.

Биылғы оқу жылында мектеп стадионы күрделі жөндеуден өтті. Біз  балаларымыздың  жаңа жүгіру жолдарында, жаңа футбол алаңында спортпен шұғылдана алатындығына өте қуаныштымыз.  «Жаңа стадионда  бірінші болып доп теуіп, футбол ойнау» мүмкіндігі мықты спортшылар жиналған 7В сыныбына берілді! Осы сыныптың барлық оқушылары спорттық үйірмелер мен секцияларға қатысады,  сонымен қатар, олар «Менің күзгі демалысым» челленджінің жеңімпазы атанды.

 Сыныптың ұраны: Біздің ұран төрт сөзден құралады: «Денсаулық мықты болса - керемет!»

 fc 1

fc 2

fc 3

fc 4

fc 5fc 6

fc 7

fc 8

 

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search