«Мирастың» мақтанышы – түлектері!

«Мирастың» мақтанышы – түлектері!

    Сүйінші! Бүгінгі жаңалық керемет! Мектебіміздің түлегі Айбике Бекмұхамбетова Cardiff Sixth Form College (CSFC) оқу орнын A-Level бағдарламасының физика, биология және математика пәндері бойынша үш A* көрсеткішімен бітіріп шықты! Колледж (CSFC) A-Level нәтижелері бойынша Ұлыбританияда 1-ші орында! Осындай жоғары көрсеткіштермен Айбике Англияның ең жақсы оқу орындарына түсті: Imperial College London,University College London,Queen Mary University,Royal Holloway University,University of Westminster. Сондай-ақ Американың ең жақсы университеттеріне - New York University және University of Miami-ге түсті. Айбике әрқашан өзін медицинаға арнағысы келгендіктен UCL-де Applied Biomedical Sciences-ті таңдады.
     Айбикенің ата-анасы мектептің мұғалімдері мен ұжымына қыздарының Мираста алған білімі мен жетістікке ұмтылған оқушының қабілеттерін дамытқаны үшін үлкен ризашылықтарын білдіріп отыр. Біз өз кезегімізде Айбикені және оның ата-анасын осындай керемет нәтижелерімен құттықтаймыз! Айбике, біз сені мақтан тұтамыз! Өзіңді еңбекқорлық пен табандылықтың нағыз үлгісі деп танимыз, сондықтан да алдағы уақытта сені жаңа жеңістер, зор жетістіктер күтіп тұрғанына бек сенімдіміз!

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search