Алғашқы қоңырау салтанаты

Алғашқы қоңырау салтанаты

      Құрметті достар!

     Міне, қызыққа толы, алаңсыз жаз да өз мәресіне жақындап келеді.  Алдымызда  Жаңа оқу жылы! Сіздерді  қызықты сабақтар, зерттеулер, бірлесе орындайтын шығармашылық жобалар,  спорттық жарыстар күтіп тұр!

     31 тамыз күні (сейсенбі) Халықаралық  «Мирас»  мектебінде  2021-2022 оқу жылының басталуына арналған мерекелік шаралар өткізіледі:

  1. Алғашқы қоңырау салтанаты - 1, 11А, 11С және 12 IB сыныбының оқушыларына арналған (таза ауада)
  2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 2021-2022 оқу жылының басталуына арналған сынып сағаттары - KG, 2-10, 11IB сынып оқушыларына арналған.

Күн тәртібі

  1. Алғашқы қоңырау салтанаты (1, 11А, 11С және 12 IB сыныбының оқушыларына арналған)
  • 8.45-8.55 - барлық оқушылар мектепке келеді
  • 9.00-9.30- «First Bell Ceremony 2021-2022»
  • 9.40- 10.20- сынып сағаты
  • 10.20-10.40- оқушылар мен ата-аналар мектеп аумағынан шығады.
  1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 2021-2022 оқу жылының басталуына арналған сынып сағаттары ( KG, 2-10, 11IB сынып оқушыларына арналған)

 

  • 8.45-8.55 - барлық оқушылар мектепке келеді
  • 9.00-10.00- сынып сағаты
  • 10.00-10.20- оқушылар мектеп аумағынан шығады.

 

Карантин жағдайында санитарлық нормаларды сақтау үшін Алғашқы қоңырау рәсіміне 1-сынып оқушыларының ата -аналарына  қатысуға рұқсат етіледі, олар мектеп аумағына кірерде Ashyq жүйесін қолдануы тиіс.

Осы кезде ата-аналар мектеп дәрігерімен, мектеп психологымен және ата-аналар кеңісімен кездесе алады. Ақпараттык үстел  атриумда орналасады. 

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search