Мектеп директорынан ақпарат

Құрметті ата-аналар!

Сіздерді Жаңа жылдың және жаңа семестрдің басталуымен құттықтаймыз. Өкінішке орай, жыл  басталысымен республиканың өн бойында  және аяулы қаламыз - Алматыда күрделі оқиғалы жағдайлар орын алды.  Осынау қиын күндері зардап шеккендердің бәріне шын жүректен жанашырлық сезімдерімді жеткізгім келеді.  Сіздерде және жақындарыңызда барлық нәрсенің жақсы болуына тілектеспін. Келген  жылымыз баршамызға шуақты, бейбіт әрі тыныш болсын.  Бәріңізге мықты денсаулық тілейміз.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы бұйрығы негізінде оқушылардың қысқы демалысы 16 қаңтарға дейін ұзартылды. Алматы қаласы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Алматыдағы қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға орай «Мирас» мектебінің оқушылары 17 қаңтардан бастап оқуын онлайн режимінде жалғастырады. Сабақтар Teams немесе Zoom платформалары арқылы ұйымдастырылады.

Орта мектеп оқушыларына арналған сабақтардың сілтемелері MB-де орналастырылған және оларды сынып жетекшілері пошта немесе WA арқылы қосымша жібереді;

Бастауыш мектептің оқушыларына арналған сабақтардың сілтемелерін  сынып жетекшілері поштамен, WA немесе ClassDojo арқылы жібереді.

Сабақтар Қашықтықтан оқыту саясатына сәйкес кесте бойынша өткізіледі. Саясат ManageBac платформасында орналастырылған.

Балабақша әзірше 5-19 қаңтар аралығында жабық болады. Балабақша жұмысының басталуы туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Онлайн формат студенттер үшін де, мұғалімдер үшін де онша тиімді емес және күрделірек екенін бәріміз түсінеміз. Дегенмен мектеп онлайн платформалар арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыруға бар күшін салуда.

Мектеп бітіруші сыныптардың студенттері емтихандарға толыққанды дайындалады. Оларға онлайн түрде өткізілетін қосымша сабақтар ұйымдастырылады.

Мектеп онлайн режимінде 3-тоқсанның басталуына толық дайын. Біз Сіздерге барлық өзгерістер туралы қосымша хабарлап отырамыз.

Мектепке қолдау көрсетіп, шыдамдылық пен түсіністік танытқандарыңыз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін. Ақпан айының басында мектеп қабырғасында қайта қауышып, оқуымызды әдеттегі режимде  жалғастырамыз деп сенемін.

Сіздерге тағы да бар жақсылықты тілей отырып, өздеріңіз бен жақындарыңыз аман-сау болсын дегім келеді. Бәріміз бірлесе отырып кез келген жағдайды еңсере аламыз және балаларымыздың оқу жылын табысты аяқтауына ықпал ете аламыз!

Құрметпен,

Халықаралық «Мирас» мектебінің директоры     

Власянц Ирина Рамильевна

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search