Құрметті Байқауға қатысушылар!

Құрметті Байқауға қатысушылар!

Соңғы күндері Ұйымдастыру комитетіне жобалардың көптеп түсуіне байланысты ерекше жағдай қалыптасып отыр. Ұйымдастыру комитеті Байқауға жіберілген барлық жобалардың тұсаукесерін ұйымдастыра алмайды. Сондықтан біз Байқаудың қазылар алқасымен бірлесе отырып, жобаларды алдын ала іріктеу жұмысын жүргіземіз, нәтижесінде 15 жоба – Байқау мәресіне жолдама алатындар анықталады. Бұл жобаларды Байқаудың қазылар алқасы тұсаукесерді таныстыру кезінде тыңдап шығады.

Әрі қарай мәреге жолдама алатындарды іріктеу жұмысы айтырлықтай уақытты қажет етеді, сондықтан біз жобаларды таныстыру мерзімін ауыстыруға мәжбүрміз.

Сонымен, мәреге жолданатын жобалар екі сессияда тыңдалады,

3 мамырда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 4 мамырда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Жұмыстарды көрсету (выступление) кестесі Байқау мәресіне жіберілетіндер анықталғаннан кейін жіберіледі.

Байқау жеңімпаздары 6 мамырда таңғы 9-дан 10-ға дейін өтетін Байқаудың арнайы қорытынды сессиясында жарияланады. Барлық сессиялар Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде өтеді. Сәйкес zoom-сілтемелері бөлек жіберіледі.

Сұрақтарыңыз болса, әдеттегідей, Байқаудың үйлестірушісі Гауһар Камаладинқызына Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. мекенжайы бойынша жіберуге болады.

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search