Қайырымдылық шаралары "Наурыз"

Шуақты күн нұры төгіліп,  жер бетіне жылы леп тараған шақта, тамылжыған ауа райымен  бірге көгілдір көктем мен риясыз тазалықтың символы  – Наурыз мейрамы да ортамызға келіп жетті.

11-16 сәуір аралығында мектебімізде қайырымдылық шаралары өткізілді. АИТВ қауымдастығы өкілдерінің Қоғамдық қоры (ВИЧ жұқтырғандар) бізге көмек сұрап жүгінген болатын. Қазіргі таңда оларда ВИЧ инфекциясын жұқтырған 80 бала тіркеліп отыр, оның 66-сында диагнозы бар. Қор директоры Аманжолова Лилия Сергеевнаның  айтуынша, бұл балалардың көпшілігі аз қамтылған отбасылардан шыққан, олар балалар тамағына, жөргектерге, түрлі тәттілерге мұқтаж. Біз қол ұшын созу акциясына қолдау көрсеткен мектеп ұжымына зор алғысымызды білдіреміз.

Әрине,  №1 (есту қабілеті нашар), №2 (ДЦП), №4 (көру қабілеті нашар) мектеп-интернаттарындағы достарымыз да ұмыт қалған жоқ. Бұрыннан келе жатқан дәстүріміз бойынша мектептің ата-аналар комитеті барша ата-аналар атынан интернат тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыстады. Мектептің студенттер кеңесі   балаларға арнап атқа міну, күймеге мініп   серуендеу жағын ұйымдастырды. Балалар футболдан жолдастық турнир ұйымдастырды. Біздің демеушілігіміздегі   балаларға балмұздақтарын ұсынып қуанта білген мектебіміздің оқушысы және түлегі Ли Амалия мен Цай Виталийдің ата-аналарына зор ризашылығымызды білдіреміз.

Бастауыш мектеп оқушылары қайырымдылық шараларын өткізіп, нәтижесінде 50 000 теңге жинақтады. Балалар иесіз қалған жануарларға арналған баспанаға көмектесетін болды.

Мирас –  жанашыр жүректер тоғысқан ғажап орта, нағыз мейірбандар мектебі!

Nauryz Charity 2022

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search