Екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан WATER PRIZE байқауының жеңімпаздары

Халықаралық «Мирас» мектебінің жоғарғы сынып оқушылары осымен екінші жыл қатарынан @miras.school.almaty және @nazarbayev.foundation Стокгольм Халықаралық су институтының (Stockholm International Water Institute) қолдауымен ұйымдастырған байқауға қатысып келеді!

2022 жылғы байқаудың жеңімпаздары:

1 орын – Асилбекова Сабина және Мадиомар Дияра «Суды тазарту және минералдандырудың автоматтандырылған кешені» жобасы, М.Х.Дулати атындағы №8 гимназия, Шымкент қ.

2 орын - Нұрлан Жанбота "Судың физикалық-химиялық көрсеткіштерін салыстырмалы бағалау" жобасы, Назарбаев Зияткерлік мектебі "Химиялық-биологиялық бағыт", Өскемен қ.

3 орын – Куринова Ева, Рогонов Денис, Смагулова Дана «Өсімдіктерді өсірудің гидропоникалық және топырақ әдістерінің салыстырмалы талдауы» жобасы, Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы оргтехника, ал қатысушыларға сертификаттар, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сондай-ақ жеңімпаз Стокгольмде өтетін Су жобаларының Жасөспірімдер байқауына (Stockholm Junior Water Prize) Қазақстан атынан қатысу құрметін иемденді.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search