Біз бәріміз зерттеушіміз

«Біз бәріміз зерттеушіміз»

Бастауыш мектеп

Бірінші зерттеу тақырыбының презентациялары

 

Осы аптада бастауыш мектепте зерттеу тақырыптарының тұсаукесері болып өтті. Бес апталық зерттеу жұмыстарынан кейін оқушылар өздерінің жинақтаған білімдері мен ашқан жаңалықтарын басқа сыныптарда оқитын балалармен және мұғалімдермен бөлісуге асықты. Балалар қонақтарға өз тақырыптары  жайлы әңгімелеп берді, сондай-ақ жобаларын, макеттерін, постерлерін таныстырды.

 

Балабақшаның кіші топтарындағы тәрбиеленушілер «Біз кімбіз» тақырыбын қарастырды. Балалар адамдардың физикалық ерекшеліктері және қабілеттерімен, олардың сезімдері және қалауларымен танысты, олардың бірдей және әртүрлі болатынын білді. Балалар өздерінің бойы мен салмағын тексеріп, өздерінің қазірдің өзінде не істей алатындығын  білді. Олар ата-аналарымен бірлесе отырып, өздері және отбасы туралы, өз дағдылары мен сезімдері туралы қолдан бұйымдар мен плакаттар жасады.

 

Балабақшаның ересек жас топтарындағы балалар «Саяхат» тақырыбын зерттеді. Балалар алдында жинақтаған саяхат тәжірибесін пайдалана отырып, жазғы демалыста барған жерлері туралы постер дайындап, бар ықыластарымен әңгімелеп берді. Балалар ән салды, саяхат туралы кітаптар оқыды, бейнероликтерді тамашалады. Ересек жас тобының тәрбиеленушілері енді саяхаттың мақсаты бойынша әр түрлі болатынын, сонымен бірге белгілі бір сапарға шыққанда өздерімен бірге қандай заттарды ала шығулары керектігін, адамдар саяхаттау үшін қандай көлікті пайдаланатынын білетін болды.

 

Мектепалды оқушылары адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы тақырыпты қарастырып, олардың қалай дамитындығы, адамның қарым-қатынастағы жауапкершілігі қандай деген сұрақтар бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізді. Балалар зерттеу тақырыбы бойынша рөлдік ойындар ойнады, мысалы, жаңа оқушымен қалай танысу керек, ойын алаңында, асханада, сыныпта басқа балаларға көмектесу, сурет салу, достық туралы кітаптарды оқу. Сондай-ақ жақсы мінез-құлық туралы коллаж дайындады. Бұл тақырып балаларға бір-бірімен және қоршаған әлеммен достық қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

 

Бірінші сынып оқушылары өздерінің жеке тарихын зерттеумен айналысты. Олар өздерінің сүйікті ертегілері, ойыншықтары, әндері туралы буклеттер, плакаттар дайындады, өз өміріне қатысты артефактілер мұражайын жасады. Студенттер тереңірек зерделеу үшін мұғалімдермен бірге Қазақстан Республикасының мұражайына барып, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының жәдігерлері топтамасымен танысты.

 

Екінші сынып оқушыларының зерттеу тақырыбы адамзат қауымдастығына, олардың әдет-ғұрпына, мәдениетіне арналды. Балалар елдің, халықтың мәдениеті неден тұратыны туралы сұрақты зерттеді.  Олар әртүрлі елдер туралы презентациялар дайындады. Бұл зерттеу тақырыбы екінші сынып оқушыларының халықаралық ой-санасын дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі елдер мен халықтардың мәдениетін салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, мемлекеттік рәміздері, тағамдары, ұлттық киімдері, әдебиеті, өнері, спорты арқылы оқып-үйрену балаларға халықтар достығының маңыздылығын, әртүрлі елдердің мәдениеттерін құрметтеу, өз отбасының, өз халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау арқылы оқып үйренді. Тақырыпты зерделеу аясында балалар Бегалин атындағы өнер кітапханасы мен балалар театрында болды.

 

Үшінші сынып оқушылары табиғат күштері және олардың адам өміріне, қоршаған ортаға тигізетін әсері  туралы тақырыпты қарастырды. Тереңірек зерттеу үшін мектеп театрында мектептің қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерінің қатысуымен сабақ ұйымдастырылды. Маман балаларға табиғи апаттар, олардың зардаптары, төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері туралы айтып берді. Студенттер шақырылған қонаққа көптеген қызықты сұрақтарын дайындады. 

Оқушылар мұғалімдермен бірлесе отырып, бірқатар тәжірибелер жасап, жанартаудың атқылауы, торнадоның пайда болу процестерін көріп, талдау жүргізе алды. Осының бәрін олар кейін өз жазбаларында сипаттап көрсетті. Сонымен қатар оқушылар табиғат күштері, табиғи апаттардың макеттері туралы плакаттар, буклеттер әзірледі.

 

Төртінші сынып оқушылары ұйымдардың түрлерін, олардың құрылымын және қызметін зерттеді. Оқушылар мектепті ұйым ретінде қарастырды. Олар мектептің құрылымымен танысу үшін саяхат жасады. Одан кейін оқушылар «Мектеп жүйесі қалай жұмыс істейді» тақырыбында эссе жазды. Сондай-ақ, тақырыпты толық түсіну үшін балалар Қазақстанда және әлемде қандай ұйымдар бар екенін білу үшін ата-аналарға арнап сұхбат дайындады. Қорытынды баяндамалар үшін студенттер ұйымдарды, олардың мақсатын, функцияларын зерттеді. Балалар ұйымның тұжырымдамалық кестелері мен үлгілерін дайындады.

 

Балалар зерттеу жұмысын жүргізе отырып, ойлауды, талдауды, пайымдауды, топта жұмыс істеуді үйренеді, қоршаған әлемді түсінуде баға жетпес тәжірибе жинақтай алады.

 

Біз сіздермен мақтанамыз, біздің кішкентай зерттеушілер!

 

PYP үйлестірушісі,

Елена Холина

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба