Стокгольмге Cу туралы ғылыми жоба байқауына барғыңыз келе ме?

Онда ары қарай оқыңыз!

Алматы қ. Халықаралық «Мирас» мектебі мен «NEFF» Қоғамдық қоры Стокгольм халықаралық су институтының (SIWI) көмегімен ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУ ЖОБАСЫ БАЙҚАУЫН өткізіп келеді.

Байқау жоғары сынып оқушыларының суды дайындау, суды тазарту және су ресурстарының биологиялық әртүрлілігін сақтауға бағытталған тұрақты суды пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық және жобалық қызметін дамыту және ынталандыру мақсатында өткізіледі, сонымен қатар  Stockholm Junior Water Prize беделді халықаралық байқауының ұлттық кезеңі болып табылады.

Stockholm Junior Water Prize Швецияның Ұлы мәртебелі кронханшайымы Викторияның қамқорлығымен өтеді және 1997 жылдан бері жыл сайын 30-дан астам елден мыңдаған қатысушыларды тартып келеді.

Қазақстандық кезеңге 14 пен 18 жас аралығындағы орта мектеп, гимназия, лицейлердің жоғары сынып оқушылары онлайн режимде қатысады.

Байқау жеңімпаздарын құрамына экология, химия, физика және биотехнология саласындағы сарапшылар кіретін тәуелсіз беделді қазылар алқасы анықтайды.

Егер Сіз жаратылыстану ғылымдарына құштар әрі жоба жұмыстарын орындауды жақсы көретін орта мектеп оқушысы болсаңыз, 25 ақпанға дейін байқауға қатысуға өтініш беріңіз. Байқаудың барлық финалистері естелік сыйлықтарға ие болады. Екінші және үшінші орын алған финалистерге бағалы сыйлықтар беріледі. Сонымен, ең үздік жобаның екі авторы Стокгольмге (Швеция) Қазақстанды Stockholm Junior Water Prize 2023 халықаралық байқауында таныстыруға барады! Жол ақысын Қазақстан мен Швеция жарыстарын ұйымдастыру комитеттері төлейді.

Өткен жылы Байқауға көптеген қызықты жобалар ұсынылды, ал келесі оқушылар жеңімпаз атанды: Асилбекова Сабина мен Мадиомар Дияра – 1 орын, Суды тазарту және минералдандыру бойынша автоматтандырылған кешен, М.Х. Дулати атындағы №8 гимназия, Шымкент қаласы

Нұрлан Жанбота – 2 – орын, Судың физикалық-химиялық көрсеткіштерін салыстырмалы бағалау, Химиялық-биологиялық бағыттағы НЗМ, Өскемен қ.

Куринова Ева, Рогонов Денис, Смағұлова Данам – 3 орын, Өсімдіктерді өсірудің гидропоникалық және топырақ әдістерін салыстырмалы талдау, Халықаралық «Мирас»  мектебі, Алматы қ.

Мүмкін үшінші байқаудың жеңімпазы Сіз болатын шығарсыз?

Байқау туралы толығырақ әлеуметтік желілерден және біздің веб-сайттан оқи аласыз. https://waterproject.miras.kz/ru/    

Осы жерден біздің Байқауға өтінім бере аласыз.

Байланысатын тұлға:

Байқаудың ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, Гуральник Игорь Романович Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба