8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
(Қадыр Мырза Әлі)

Ана туралы жырдың әрбір сөзі мирастық тәрбиеленушілердің әрқайсының жан жүрегін елжіретіп, көкейінде қайта жаңғырады! Сондықтан мереке қарсаңында балабақша тәрбиеленушілері, мектепалды, 1-4 сынып оқушылары өздерінің аяулы әжелері мен аналарына жақсы әрі жағымды болатын ерекше нәрсе әзірлегісі келді.
6 және 7 наурыз күндері мектебімізде Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер мен концерттік бағдарламалар болып өтті. 8 наурыз мерекесі – бүлдіршіндерге өз өнерлерін көрсетіп, жақындарын қуанту үшін берілген тамаша мүмкіндік. Балалар ән айтып, ана мен әже туралы тақпақтар оқыды, би билеп, әр түрлі ойындар ойнады және т.б. Мереке Мирастың тыныс-тіршілігіне көктемнің нұрлы шуақ пен риясыз қуаныш атмосферасын сыйға тартқаны сөзсіз.

Ардақты, аяулы, сүйікті аналар мен әжелер!
Сіздерді 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге көктемнің жадыраған, мамыражай көңіл-күйін тілейміз, құшақтарыңыз гүлге толсын, жақындарыңыздың жылуы мен қамқорлығын тілейміз!
Осы мерекелі күні жақындарыңызбен бірге болыңыздар, көздеріңізде бақыт нұры ойнап тұрсын!

8marta070323 1

8marta070323 2

8marta070323 3

8marta070323 4

8marta070323 5

 

 

Search

Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба
Бізбен хабарласыңыз
1000 максималды таңба