СТУДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ

 

#8.2021

Тәртіп саясаты

 

  1. СТУДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ

Халықаралық «Мирас » мектебінің қызметі  оның Мүддесі мен Философиясына сәйкес өзара сыйластық  ұстанымдарына  негізделген  оқытудың  қауіпсіз  және  тиімді  жағдайын  жасау, мектеп қауымдастығының барлық мүшелері арасында оңтайлы өзара қарым-қатынасын дамытуға бағытталған.

Халықаралық «Мирас» мектебі студентінің Сыртқы келбеті қауіпсіздік, гигиена нормасы талаптарына жауап беруі  және білім беру процесіне сәйкес келуі тиіс.

Мектеп Студенті дегеніміз мектеп қауымдастығын танытатын тұлға. Сыныпта мұнтаздай, ыңғайлы  киім  кию  -  табысты  оқу процесі  мен  өзін  және  өзгені  құрметтеуге  тәрбиелеуге ықпал ететініне сенімдіміз.

Аталған талаптар барлық оқу процесіне, оның ішінде емтихандар уақытын есепке алғандағы уақытта жүзеге асырылады.

«Мирас» мектебінде   2009 ж. бірыңғай мектеп киім үлгісі енгізілген. Мектеп киім үлгісін кию 1-сыныптан 12 сыныпқа дейін барлық студенттерге міндетті.

Мектеп киім үлгісі

 

Қыздар үшін

Классикалық ақ жейде немесе блузка (жаға мен жеңдері бар, түрлі-түсті жолақтар түспеген, принтсіз). Шотландка белдемше (тор сызықты юбка) *, классикалық сұр шалбар * (юбканың  ұсынылатын ұзындығы – тізеге дейін; юбканың тізеден жоғары болуы - 10 см артық емес).

Қою көк пиджак*, қою көк тоқыма көкірекше (жеңсіз/ безрукавка), қою көк тоқыма жемпір * немесе жеңсіз қою көк жемпір*.

Қара түсті немесе адам терісі түстес колготкалар немесе бір тектес қысқа шұлық. Бірыңғай  қара түсті аяқ киім.

Ұлдар үшін

Классикалық ақ жейде (жағасы мен жеңдері бар, түрлі-түсті жолақтар түспеген, принтсіз). Классикалық сұр шалбар*.

Көк пиджак *, көк тоқыма көкірекше (жеңсіз/ безрукавка) немесе көк тоқыма жемпір. Шалбарға үйлесімді бірыңғай  қара түсті, сұр немесе қара түсті шұлық.

Бірыңғай  қара түсті аяқ киім.

Оқу процесі кезінде мектепте джинсы киіп жүруге тыйым салынады.

Дене шынықтыру, жүзу және бимен айналысу үшін келесі киім үлгісі ұсынылады:

  • • дене шынықтыру сабағы үшін - спорттық аяқ киім, шорты / шалбар, футболка;
  • • жүзу сабағы үшін - купальник / плавкі, резеңке қалпақ;
  • • би сабағы үшін - гимнастикаға арналған шорты / юбка / костюм, чешки.

Оқудан тыс күндерде студенттер еркін киінген кезде де «Сыртқы келбет» ережелерін сақтаулары керек.

Мектеп қауымдастығының барлық мүшелері мектеп киім үлгісіне байланысты мәселелерге жауапты қарауы тиіс.  Тәртіп бұзылған жағдайда мұғалімдер осы ережелерге сүйенуі тиіс.

Мектеп формасын енгізу тәртібі

Мектеп қыркүйек айында ата-аналарға мектеп формасы туралы ақпараттық хаттар жібереді.

Мектеп әкімшілігінің мүшелері студенттерді алғашқы екі аптада мектепке кіре берісте қарсы алады. Сыртқы көрініс ережелері бұзылған жағдайда студент үйіне жіберілуі керек. Сынып жетекшісі күн сайын таңертең 10 минут ішінде өз сыныбында оқушыларға арналған форманың болуын тексереді.

Сыртқы келбет Ережесін бұзатын студенттер сабақтарға жіберілмейді.

Қажеттілігіне қарай сынып жетекшісі ата-аналарға қоңырау шалып, студенттің Сыртқы келбетіне байланысты проблеманы хабарлайды.

Ата-аналарды хабардар ету, ең бірінші кезекте сынып жетекшісінің жауапкершілігі болып табылады. Тіл кедергісі орын алатын жағдайда тәрбие жөніндегі директордың орынбасары ата-аналарды хабардар етеді. Әкімшілік көмекші дресс-кодты бұзу туралы жазбаны жүргізуге жауап береді.

Мектеп киім үлгісі саясатын жүзеге асыру қазан айында басталады. Мектеп киімінсіз келген студенттер келісімшартта көрсетілген ерекше жағдайларды қоспағанда, мектепке жіберілмейді.

Орыс тілінде оқитын 11 сынып студенттері, сондай-ақ 12 IB сынып студенттеріне  (бітіруші сыныптар) пиджакпен жүру міндетті емес.

Ескерту: 11 IB сынып студенттері мектеп киім үлгісінде (толық жиынтық) жүруге міндетті.

Орта мектеп оқушылары үшін.

9-12 сынып оқушылары қалауы бойынша галстук тағады. Галстуктар біртекті (өрнексіз, жолақтарсыз) қара немесе теңіз түстес (қара көк) болуы керек.

Суық ауа-райында барлық оқушылар сабақ басталмас бұрын ауыстырып  киетін қара түсті аяқ киімін алып келуі керек.

Ескерту: Егер де дәрігер арнаулы аяқ киім (мысалы, табаны жұмсақ немесе ортопедиялық) киюді ұсынған болса да, аяқ киімнің түсі қара болуы тиіс.

Орта мектеп студенттеріне арналған

Сыртқы келбет ережесін бұзу тәртіп бұзудың 3-деңгейіне жатады.

Әсер ету шаралары:

  • • Сынып жетекшісімен  бірге  студенттерді  сабақтан  кейін  қалдыру түріндегі  ескерту немесе жазалау (Detention).    Ата-аналар    хабардар етілген соң сәйкес киім үлгісі мектепке жеткізілуге тиіс;
  • • Супервайзердің (әкімшілік  ассистент)  қарауымен  мектеп  ішінде  сабақтан    (1  күн) шеттету (Suspention inside).    Ата-аналар    хабардар етілген соң сәйкес киім үлгісі мектепке жеткізілуге тиіс;
  • • Мектептен тыс сабақтардан (1 күн) уақытша шеттетілу (Suspension outside).

Күрделі жағдайларда (егер ата-аналар студенттің Сыртқы Келбеті ережесін түсінбейтін болса немесе әдепті бұзу жағдайында) сынып жетекшісі мектеп киім үлгісі мәселесі бойынша Үйлестірушінің көмегіне сүйене алады.

Бастауыш мектеп студенттері үшін

Мектептің Тәртіп саясаты бірыңғай мектеп үлгісін талап етеді. Мектеп киім үлгісін кию міндетті болып табылады.

Қыркүйек айында, мектеп киім үлгісі дайын болмаған жағдайда студенттер төменде көрсетілген киімдерді кие алады:

ұлдар

  • • ақ жейде
  • • сұр шалбар

қыздар

  • • ақ блузка
  • • қою қара-көк түсті белдемше (юбка)

Мектепалды-5 сыныптың барлық оқушылары сабақ басталмас бұрын ауыстырып  киетін қара түсті аяқ киімін алып келуі керек.

Ескерту: Егер де дәрігер арнаулы аяқ киім (мысалы, табаны жұмсақ немесе ортопедиялық) киюді ұсынған болса да, аяқ киімнің түсі қара болуы тиіс.

Мектепке, оның ішінде еркін киім киетін күндері де төмендегі киімдерді киіп келуге болмайды:

  • • спорттық шалбар, шолақ шалбарлар (шорты) (Бастауыш мектептен басқа)
  • меткеп философиясына қарсы келетін ашық түсті суреттері, символдары, жазулары бар киімдер;
  • • иықты, ішті жаппайтын киімдер;
  • кеудесі терең ойылған киім, жіңішке баулы топтар;
  • кесіндісі терең белдемшелер (юбка);
  • қысқа белдемшелер (мини-юбка);
  • жыртылған, әбден сүргіленген джинсылар немесе ашық түсті өрнектелген джинсылар;
  • өте жұқа, үлдіреп тұрған киім.

       Қымбат бағалы, ірі әшекейлер тағынуға болмайды.

      

       Айрықша жағдайларда киілетін киімдер

  1. Лабораторияларда, Сурет өнері кабинеттерінде, би сыныптарында, спортзалында өткен сабақтар қауіпсіздік талаптарына жауап беретін арнаулы киім үлгісін киюді білдіреді.
  2. Өзін өзі көрсету (spirit day) шараның ой-пікіріне сәйкес киім киюді білдіреді.

Мектеп әкімшілігі студенттің Сыртқы Келбетіне қатысты мәселені реттеу құқығын өзіне қалдырады.

 

 

forma (6).jpgforma (5).jpgforma (4).jpgforma (3).jpgforma (2).jpg

 

 

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search