Шығармашылық жексенбі

21 мамыр күні №1 балалар үйіне жасаған кезекті сапарымыз сәтті өтті. Бұл жолы қатарымызға ата-аналар мен студенттер де қосылды. Бұған біз өте қуаныштымыз! Ата-аналар комитетінің өкілі Элина Владимировна Винц және оның қызы 6С сынып оқушысы Цой Адель балалармен бірге витраждар жасады. Қарапайым техника, ерекше материалдар, картиналардағы қызықты сюжеттер балаларға көп қуаныш сыйлады және олар витраждарды даярлау процесін көңілді әрі қызықты өткізді! Татьяна Геннадьевна Напалкова балалар үшін қызықты және пайдалы сабақ дайындады. Ол кіші топ балаларымен бірге ермексазбен жұмыс істеді. Мүсіндеу – есте жақсы сақталып қалатын балалардың көркем шығармашылығының ең қызықты түрінің бірі. Әр балаға, тіпті кішкентай, көңілді кірпі жасаса да, өзін шебер және шығармашыл етіп сезінуге мүмкіндік берді. Бастауыш мектеп мұғалімі Tala Atos «Айгөлек» тобының қыздарына қарапайым өнімдерден әдемі ғана емес, сондай-ақ пайдалы заттарды жасауға тартып, оларды жаңа нәрселермен айналысуға баулыды. Қыздармен бірге фетрден (биязы жүннен жасалған киіз) қарындаштар мен қаламдардың әдемі сауыттарын даярлады. Алла Дмитриевна Дембаюк балаларды оригамидің сиқырлы әлемімен таныстыруын ары қарай жалғастырды. Бұл жолы Алла Дмитриевна оларға «Кусудама-шардың» пайда болуы туралы аңыз айтып берді. Жапон тіліндегі аңыздардың бірінде кусудама сөзі "кусури"( дәрі) және "тама"( шар) деген сөздердің жиынтығынан тұрады екен. Осылайша дәрі шары пайда болады. Осындай шарға дәрі-дәрмек шөптерді салып, оны науқас сауығып кетеді деген сеніммен сырқат адам төсегінің үстіне іліп қойған. Содан кейін бәрі бірге Кусудама сиқырлы шарын жасауға кірісті. Холина Елена Георгиевна қыздарды үстелге ыдыстарды орналастыру өнерімен таныстырды. Қыздардың бәрі болашақ ана, жар, қазан-ошақ иесі емес пе?! Елена Георгиевна қағазмайлықтың (салфетка) көмегімен үстел үстін әсем де ерекше етіп сәндеуге болатынын көрсетті. Бәрі бірігіп дастархан жайды. Осындай тартымды сабақтардан кейін қыздар өздерін нағыз аспаз ретінде сезіне алды! Бұл жолы олар өздері мұғалімдеріміз пісіріп әкелген бәлішті таңқураймен және үлпілдек пудингпен безендірді. Осы десерттің алғашқы тілігін «анашым» деп сүйіспеншілікпен атайтын тәрбиешісіне ұсынды.

Міне, шығармашылық жексенбі осылай қызықты да пайдалы өтті. Келіңіздер, қайырымды істерді бірлесе жасайық!

Бастауыш мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, «Action for children» жобасына қатысушысы Курбанова А.В.

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 313-39-34 | E-mail: secretary@miras.kz

Search