Қайырымдылық жұмасы

Мектебімізде 6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында екі қайырымдылық акциясы өткізілді. Атап айтқанда,  Алматы қаласындағы көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға балалар заттарын тапсыру шарасы, сонымен қатар бірнеше жылдан бері ауыр дертке шалдыққан, жіті миелобласты лейкозбен  ауыратын №60 гимназия оқушысы Иванова Аняның шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Мектебіміз төрт  жылдан бері осы қыз балаға материалдық көмек көрсетіп келеді. Мектептің студенттер кеңесі Аняның суретті жақсы салатынын, сондай-ақ оның жинағында өте әдемі туындылары бар екенін біліп, оның шығармашылық көрмесін ұйымдастыруды ұсынды. Осы көрме аясында  жинақталған барлық қаржы Аняға берілетін болады.

Қайырымды іске бәріміз атсалысайық!

asdsa.jpg

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search