Наурыз мейрамы аясындағы қайырымдылық акциясы.

Бұл акцияны мектептің Студенттер кеңесінің Charity комитетінің жетекшісі, 10 «Д» сынып оқушысы Амалия Ли ұйымдастырды.

Жыл сайын Наурыз мейрамына №1 балалар үйінің, көру қабілеті нашар және есту қабілеті нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаттардың, №2 мектеп-интернатының (церебральды сал ауруы бар) балаларын қонаққа шақырамыз. Мереке барысында студенттер мен ата-аналар қайырымдылық апталығы нәтижесінде жиналған сыйлықтарды қонақтарға табыстайды.

Әдетте, бұлар - ойыншықтар, үстел ойындары, кітаптар, спорттық жабдықтар. Биыл ата-аналар мен студенттер қайырымдылық акцияларын өткізіп, осы дәстүрді жалғастырғысы келген болатын. Бірақ карантинге байланысты сыйлықтарды тапсыру жазғы кезеңге ауыстырылды.

Студенттер кеңесі осынау қиын уақытта Иванова Аняны қолдау туралы шешім қабылдады, біздің балалардың бұл қыз баламен таныстығына үш жылдан астам уақыт болыпты. Бастамашыл топ мектеп қауымдастығына осы тақырып бойынша ақпараттық бейнебаян дайындады.

Осындай жағдайға бей-жай қарамаған студенттер мен ата-аналар Аняға барша адам көктемнен күтер қуанышты, болашаққа деген сенімділік қуатын сыйлады.

Мектептің РТА комитетіне ерекше алғыс білдіреміз, төрағасы - Құбашева Жібек Абдықадырқызы Оның отбасы Аняға үнемі көмек беріп отырады.

Аняның анасы осы акцияға қатысқан 2 «А» сыныбының барлық ата-анасына үлкен рақмет айтады. Жарайсыздар!

Біздің қоғамда мейірімді және жанашыр адамдар көп. Мәселен: 11 «А» сыныптың ата-аналары Абесинова Жанар Абдықадырқызы, Мұстафина Рабиға Каусқызы және Кисамиева Меруерт Мұташқызы, 6 «Б» сыныптың ата-аналары Ли Артем және Лодж Нұрсұлтан!

Жиналған қаржының жалпы сомасы айтарлықтай болды: 303 000 теңге.

Жомарттық деген көп нәрсені беру емес, не нәрсені де уақтылы беру. (Ж. Лабрюйер)

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search