Халықаралық «Мирас» мектебі ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтайды!

Біз бейбіт заманда тіршілік етіп жатырмыз. Өмірімізді қалауымызша  сүруге мүмкіндіктер де көп. Әрбір адам оқып білім алады, қалаған жұмысын істейді. Алаңсыз демалады.  Біз елімізді мақтан тұтамыз. Осылардың бәрі ел басына күн туған отты жылдарда жанқиярлықпен шайқасқан майдангерлеріміздің 1945 жылы жеткен Ұлы Жеңісінің арқасында мүмкін болып отыр.

Үш аптаның ішінде бүкіл мектеп қауымдастығы осы жарқын да маңызды мерекеге арналған челлендждерге, шаралар мен акцияларға белсене қатысты.

Студенттер соғыс туралы өлеңдер оқыды, майданға қатысқан және тылда еңбек еткен туыстары туралы әңгімеледі; сегізінші сынып оқушылары «Майданнан келген хат» тарихи-әдеби республикалық байқауына қатысты.

Мұғалімдер, студенттер, мектебіміздің түлектері «Соғыс жылдарындағы әндер» марафонына бастамашы болып, қолдау көрсетті. Бізге Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық «Мирас» мектебі мен «Мирас» бөбекжай- балабақшасы, Атырау қаласындағы «Мирас» балабақшасы, «Арыстан» мамандандырылған лицейі және Алматы Халықаралық мектебі (МША) қосылды. Осы жобаға қатысқандардың барлығына зор алғыс білдіреміз!

9 мамыр күні, сағат 10.00-де мұғалімдер, студенттер, қызметкерлер, ата-аналар - бәрі бірлесе отырып онлайн режимінде соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Әдетте мұндай шара 28 панфиловшылар атындағы саябақта өтетін, заманауи технологияларды қолдана отырып, бәріміз бірге осы  жақсы дәстүрлерді жалғастыра алатынымызды уақыттың өзі көрсетіп берді.

Мектептің ата-аналар қауымдастығының қолдауымен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өткізілді. Отыз жеті ардагерге материалдық көмек көрсетілді. Олардың бәрі біздің мектеп қауымдастығына үлкен сәлемдерін айтты,  сонымен қатар ризашылығын білдірді. Карантин жағдайында осынау құрметті алматылықтардың назардан тыс қалмағанына біз де өте қуаныштымыз. Сұрапыл соғыс жылдарының естелігі жадында сақталған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне осы Жеңіс үшін алғыс айтып, оларға көмектесу мүмкіндігіне ие болдық.

Біздің жадымыздың жартысын  жеке естеліктер алады,  ал екінші жартысы  біз өмір сүретін қоғам жадынан тұрады [...] – Бұл екі  жарты өзара өте тығыз байланысты. Қоғамның ұжымдық жады -  оның тарихы. Егер оны ұрлатып алсақ немесе оны қайта жазып шықсақ, оны протезбен алмастырсақ, онда ақыл-ойымыз қалыпты жұмыс істей алмас еді. (Харуки Мураками)

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search