«Жүректен жүрекке»

29 мамырда Халықаралық «Мирас» мектебі Студенттер кеңесінің қайырымдылық акциясы болып өтті. Бұл акция «Солнышко» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап ұйымдастырылды.

Біздің оқушылар «1 маусым - балалар күніне»  орай балаларды қуантып,  сыйлықтар беруді жөн санады!

«Жүректен жүрекке» акциясына қатысқан ата-аналарға, студенттерге, түлектер мен мұғалімдерге алғыс айтамыз!

Кітаптар, ойыншықтар, балаларға арналған бұйымдар  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне беріледі!

Сонымен қатар, студенттер кеңесі ұйымдастырған тағы бір акция туралы айтқымыз келеді. Бұл - Иванова Аняға көмек беруге арналған акция. Студенттер кеңесінің Аняның шығармашылығы көрмесін ұйымдастырғаны естеріңізде болар. Өкінішке орай, студенттер кеңесі жоспарлағандай Есентай сауда орталығы мен Мега орталығында бұл көрмені өткізу карантинге байланысты мүмкін болмады. Бірақ балалар мектеп шеңберінде Аняның жұмыстары көрмесін ұйымдастырды. Көрме нәтижесінде 30 500 теңге жиналды, бұл қаржы Аняның отбасына берілді.

Анечканың анасы бізге былай деп жазды: «Сәлеметсіздер ме! «Мирас» мектебінің қауымдастығына  үлкен рахмет! Балаларға акция ұйымдастырғаны үшін зор алғыс айтамын! Сіздер бізге үлкен  көмек жасадыңыздар! Құдай сіздерге және жақындарыңызға аман-саулық берсін! Жақсылықтарыңыз өздеріңізге мың есе болып қайтсын!»

 «Қайырымды жанның тілегі қабыл» (ағылшын мақалы)

 

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search