Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған БҰҰ моделі «MIS MUN-2021» онлайн-конференциясы Конференция тақырыбы: «Жаһандық өзгерістер әлемі: модернизация стратегиялары»

mun.jpg

 

2021 жылдың 25-26 ақпанында Алматы қаласындағы Халықаралық «Мирас» мектебінде жыл сайынғы «БҰҰ моделі «MIS MUN-2021» конференциясы онлайн форматта өткізілді.

Бұл іс-шараға Нұр-Сұлтан, Мәскеу, Баку, Ереван, Орал, Алматы қалаларының студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Конференция ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде жұмыс істеді.

«БҰҰ моделі «MIS MUN-2021» конференциясында нақты мәселелерді талқылауға бағытталған 6 комитеттің жұмысы ұсынылды:

- Қауіпсіздік Кеңесі (Security Council) - бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікке келетін заманауи қатерлер;

- Адам құқықтары жөніндегі комитет (Human Rights Committee) - балалар мен жастарға қатысты зорлық-зомбылықты жою, адам саудасы және мигранттардың құқықтарын қорғау;

- экономикалық және қаржы комитеті (Economic and Financial Committee) - сауда тапшылығы және тиімді протекционизм, заманауи әлемдегі өндірісті дамыту;

- Қоршаған орта комитеті (Environmental Committee) - климаттың өзгеруі және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы, биологиялық жағынан ыдырамайтын материалдарды пайдалануды біртіндеп тоқтату,

- Дүниежүзілік денсаулық сақтауды ұйымдастыру комитеті (World Health Organization) -

халықты вакцинациялауға байланысты мәселелерді шешу, дәрі-дәрмектердің «қара нарығының» пайда болуын болдырмау мүмкіндігі;

- Ғылым және технологиялар жөніндегі комитет (Commission of Science and Technology for Development) - атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, гендік инженерия және наноспутниктерге технологиялық кедергілер жасау.

«БҰҰ моделі «MIS MUN-2021» онлайн-конференциясының жұмысы барысында қарастырылған мәселелер БҰҰ-ның шынайы күн тәртібінің бір бөлігі болатын. Форум делегаттары қазіргі заманның жаһандық проблемаларына жастардың назарын аудара алды, халықаралық құқық және қауіпсіздік, мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы білімдерін кеңейте алды.

«БҰҰ моделі «MIS MUN-2021» онлайн-конференциясы жас делегаттардың өзара қарым-қатынасын, сонымен қатар БҰҰ, ЮНЕСКО, Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен байланыс аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search