Емен жаңғақты күз - 2020

Қымбатты достар!

19-30 қазан аралығында мектебімізде «Емен жаңғақты күз-2020» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Бұл акцияның мақсаты - хайуанаттар бағындағы жануарларға арнап емен жаңғақтары мен басқа да жаңғақтар жинау.

Акция екі апта бойы жалғасады. Каникул күндері кез-келген адам қаланың саябақтарына барып, сол жерде емен жаңғақтарын жинай алады. Балабақша балалары, мектепалды және 1-4 сынып оқушылары каникулдан кейін мектепке оралғанда, яғни 26 қазан күні жинаған емен жаңғақтарын мектепте ала келеді, мектеп ішінде емен жаңғақтарын бір орынға жинайтын арнайы бұрыш ұйымдастырылады.

5-12 сынып оқушылары жиналған емен жаңғақтарын 30 қазан, жұма күні әкеле алады. Жиналатын орын - әл-Фараби даңғылы жағындағы мектептің көлік тұрағы. Уақыты - 12.00-13.00 аралығы. Сол күні мектептің студенттер кеңесінің өкілдері жиналған барлық жаңғақтарды Алматы хайуанаттар бағына жеткізеді.

Емен жаңғақтарынан басқа, күнбағыс дәндерін (шекілдеуік, қуырылмаған), кептірілген жаңғақтар мен жемістерді әкелуге болады.

Қайырымдылық акциясы осымен аяқталмайды. Әрбір 3 кг емен жаңғағына хайуанаттар бағы әкімшілігі хайуанаттар бағына кіретін тегін билет береді. Қалыптасқан игілікті дәстүрімізге сүйене отырып, біз сол билеттерді «Солнышко» балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге беруді жоспарлап отырмыз.

Жақсы істерді бірге жасайық

IN1

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search