«NNEF» Қоғамдық қорының Халықаралық «Мирас» мектептерінде білім алу үшін тағайындаған оқу гранттарын алуға арналған БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы «NNEF» Қоғамдық қорының Халықаралық «Мирас» мектептерінде білім алу үшін тағайындаған оқу гранттарын алуға арналған байқауды өткізу ережелері (бұдан әрі – Ережелер) гранттарды алу байқауының өткізілу тәртібін, сондай-ақ гранттарды беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

1.2. Байқау оқушыларға «NNEF» Қоғамдық қорының Халықаралық «Мирас» мектептеріндегі (бұдан әрі – Мектептер/Мектеп) халықаралық білім беру бағдарламалары бойынша оқудың барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

1.3. Гранттарды Жеке қор («Халық» қайырымдылық қоры» (ары қарай - «Халық» қоры») және Қоғамдық қор (ары қарай - «NNEF» Қоры) Халықаралық «Мирас» мектептерінің 10-11-сыныптарында, оның ішінде Дипломдық бағдарлама бойынша білім алуға береді.

1.4. Гранттар Мектепте бір оқу жылы ішінде толық немесе ішінара жеңілдетілген бағамен оқу мүмкіндігін ұсынады. Оқу нәтижелері осы Ереженің 4-бөлімінде көрсетілген грант шарттарына сәйкес келсе, онда грант келесі оқу жылына автоматты түрде ұзартылады.

1.5. Гранттардың саны мен олардың мөлшерін «Халық» қоры мен Қор жыл сайын белгілеп отырады.

1.6. Байқауға тек жалпы орта білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – Қатысушылар) қатыса алады.

1.7. «NNEF» қызметкерлерінің, Мектеп қызметкерлерінің, сондай-ақ «Халық қоры» қызметкерлерінің жақын туыстары  «Халық» қорының 100-ші грантын алуға арналған Байқаудың қатысушылары бола алмайды.

1.8. Грант алуға Қатысушыларды іріктеу комиссия арқылы жүзеге асырылады, оның құрамына Мектеп, «NNEF» қоры және «Халық» қорының өкілдері кіреді. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

1.9. «Халық» қорының 100-ші грантына үміткерлерді іріктеу кезінде байқау комиссияның құрамына қоғамдық салада, білім беру, әлеуметтік қолдау және қайырымдылық саласында қызмет ететін ұйымдардың/мекемелердің өкілдері шақырылады.

1.10. Байқау туралы ресми ақпарат Алматы қ. «Мирас» мектебінің әлеуметтік желілерінде www.instagram.com/miras.school.almaty.; www.facebook.com/mirasschoolalmaty; және Алматы қ. «Мирас» мектебінің әлеуметтік желілерінде https://instagram.com/miras_astana_kz?igshid=YmMyMTA2M2Y=; htts://m.facebook.com/481936265262355/ жарияланады.

Адамдардың өзге дереккөздерден байқау туралы қате және/немесе жаңсақ ақпарат алған жағдайларына Мектеп жауапты емес.

  1. Байқауды өткізу тәртібі

2.1. Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

  • 01 ақпан - байқау туралы ресми ақпаратты мектептердің әлеуметтік желілерінде жариялау;
  • 15 ақпан - 14 сәуір – Мектептердің Қатысушылардан грантқа өтінімдер мен қажетті құжаттарды қабылдауы, құжаттарға сәйкес іріктеу жүргізуі;
  • 17 сәуір – 12 мамыр – пәндер бойынша тестілеу;
  • 15 мамыр – 31 мамыр – Байқау қорытындысын шығару;
  • 01 маусым – 15 маусым — Байқау нәтижелерін жариялау.

2.2. Байқауға қатысу үшін Қатысушы мектептің қабылдау комиссиясына (Оқушыларды қабылдау кеңсесі – Admission office - +7 (700) 585 20 40) келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

2.2.1. Мектеп директорының атына қатысушының ата-анасының (заңды өкілі) қолы қойылған грант алуға (белгіленген нысанда) жазған жазбаша өтініші;

2.2.2. Қатысушының мектепте [басқа орта білім беру ұйымында өткен жылы табысты оқығандығын растайтын құжаттар, атап айтқанда:

а) барлық пәндер бойынша бағасы (немесе алдыңғы білім алған елде ресми белгіленген бағалау межесіне сәйкес тиісті бағалардың баламасы) «жақсы» және «өте жақсыдан» төмен болмауы тиіс;

б) тестілеуден өтетін пәндер бойынша бағасы (немесе алдыңғы білім алған елде ресми белгіленген бағалау шкаласына сәйкес ең жоғары бағаның баламасы) - «өте жақсы» болуы тиіс.

2.2.3. сертификаттар, дипломдар, Қатысушының алдыңғы оқу кезеңіндегі ерекше табыстарын/жетістіктерін растайтын басқа да ресми құжаттар.

2.3. Қатысушының табысты оқуын растайтын құжаттар түпнұсқа (бар болса) және түпнұсқадан алынған көшірме қағаз түрінде ұсынылады. Қатысушылардың байқауға қатысу үшін ұсынған құжаттарының көшірмелері қайтарылмайды.

2.4. Құжаттары қабылданған соң Қатысушы келесі пәндер бойынша тест тапсырады, олар: Мектептегі оқыту тілі (қазақ, орыс, ағылшын тілі), ағылшын тілі (егер бұл тіл  Қатысушының Мектептегі таңдаған оқыту тілі болмаса) және математика.

2.5. Оқыту тілі ағылшын тілінде жүргізілетін сыныпқа түсерде  Қатысушы тестілеуден өткеннен кейін қосымша ағылшын тілінде сұхбаттасудан өтеді. Сұхбаттасу барысында Қатысушы өзінің ағылшын тілінің  Upper Intermediate деңгейінен төмен еместігін көрсетуі, өз ойын анық жеткізуі және ағылшын тілінде еркін сұхбат жүргізуі шарт.

  1. Грантты тағайындау тәртібі

3.1. Оқу гранттарын тағайындау тәртібіне мыналар кіреді:

3.1.1. Оқу грантын алуға тапсырған тестілеу нәтижелерін қарастыру;

3.1.2. Портфолио байқауы (қатысушылардың оқу, шығармашылық, спорттық салалардағы жетістіктері);

3.1.30 Оқу гранттарын тағайындау үшін үміткерлер тізімін қарастыру және оны бекіту;

3.1.4. Оқу гранттарын тағайындау және нәтижелерін жариялау.

3.2. Байқау нәтижелерін «NNEF» Қоғамдық қоры басшылығының бұйрығымен Байқау кезеңіне құрылатын Конкурстық комиссия алқалы түрде қарастырады. Комиссия құрамына Мектептердің, «NNEF»  Қорының, «Халық» Қорының  өкілдері кіреді. Байқау комиссиясының төрағасы Қордың директоры немесе оның уәкілетті тұлғасы болып табылады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

3.3. Тең жағдайларда басымдық халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан; жеке оқу, спорттық және шығармашылық жетістіктері бар (Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары немесе беделді сертификатталған/аккредиттелген шетелдік ұйымдар өткізетін республикалық және халықаралық олимпиадалардың, байқаулардың, жарыстардың және т.б. жеңімпаздары) үміткерлерге беріледі.

3.4. Гранттар «NNEF»  Қоры бекіткен тиісті оқу тарифінен 100%, 50% және 30%-дық мөлшерінде беріледі.

3.5. Грант алуға өту ұпайларын  жыл сайын Байқау комиссиясы белгілейді.

3.6. Байқау нәтижелері Байқау комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Мектеп сайтында жарияланады.

  1. Гранттың әрекет ету шарттары және Грант алушының мiндеттемелерi

4.1. Мектепте білім алуға берілетін грант оқу грантын алған оқушы (бұдан әрі - Грант алушы) бүкіл оқу жылы бойы келесі шарттарды орындаған жағдайда беріледі:

4.1.1. Грант бойынша оқыған бірінші жылдың бірінші семестрінің нәтижесі бойынша (аралық мониторинг) Грант алушының бағалары 1-кестеде көрсетілген межеге сәйкес болуы керек.

1-кесте

Жеңілдік өлшемі

Математика

Ағылшын тілі

Ана тілі

Science пәндері тобы

Humanities пәндері тобы

Екінші үшінші тілдер

Басқа пәндер

30 %

6

 «5» бағасының 1-2  болуына жол беріледі

«5» бағасының 1 болуына жол беріледі

6

50 %

6

«5» бағасының 1 болуына жол беріледі

«5» бағасының 1 болуына жол беріледі

6

100 %

6-7

«5» бағасының 1 болуына жол беріледі

6-7

4.1.2. Грант бойынша оқитын бірінші жылдың соңына қарай, сондай-ақ келесі оқу жылдарының барлығында Грант алушының бағалары 2-кестеде көрсетілген межеге сәйкес болуы тиіс.

2-кесте

Жеңілдік өлшемі

Математика

Ағылшын тілі

Ана тілі

Science пәндері тобы

Humanities пәндері тобы

Екінші үшінші тілдер

Басқа пәндер

ДБ студенттеріне арналған

30 %

6

6

«5» бағасының 1 болуына жол беріледі

6

ТОК, Эссе- В-ден төмен емес

50 %

6

6

6

6

ТОК, Эссе- В-ден төмен

100 %

6-7

6-7

6

6-7

ТОК, эссе A/B

4.1.3. DP/MYP бағдарламалары шеңберінде оқытылатын пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын Грант алушыларға бейіндік емес пәндер бойынша «5» бағасының 1-2 болуына рұқсат етіледі.

4.1.4. Грант алушының бүкіл оқу жылы барысында Мектептің Тәртіп саясатында қарастырылған 2-3-деңгейдегі тәртіптік бұзушылықтары болмауы тиіс.

4.2. Грант алушы сонымен қатар міндеттеледі:

4.2.1. оқудың барлық кезеңінде мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, Мектеп, Қор және Қор өткізетін іс-шаралар мен бағдарламаларға қатысуға;

4.2.2. Мектептің беделін сақтауға үлес қосуға, сонымен қатар Мектептің, Қордың және «Халық» Қорының беделін түсіретін әрекеттерге бармауға;

4.3. Грант алушы Осы Ереженің 4.1.- 4.2 тармақтарын орындамаған жағдайда «NNEF» Қорының шешімі негізінде гранттан айырылады. Егер Грант алушы 2-3-ші деңгейдегі тәртіптік бұзушылықтарға жол берсе және/немесе Мектептің, «NNEF» Қорының және «Халық» Қорының беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге барса,  мұндай тәртіп бұзушылықтарды/әрекеттерді жасалған сәттен бастап Грант алушы грантын жоғалтады. Осы Ереженің 4.1.-4.2-тармақтары орындалмаған басқа жағдайларда Грант алушы ағымдағы оқу семестрінің (тоқсанының) соңынан бастап гранттан айырылады.

  1. Ерекше шарттар

5.1. «NNEF» қоры мен мектептер Қатысушылар ұсынған ақпараттың, деректердің және құжаттардың дұрыстығын тексеру құқығын өзіне қалдырады.

5.2. NNEF қоры мен мектептер келесі жағдайларда Қатысушыны Байқаудан шығаруға құқылы:

5.2.1. Қатысушының, оның ата-анасының (заңды өкілінің) шындыққа толық немесе ішінара сәйкес келмейтін жалған мәліметтер, оның ішінде жалған құжаттар ұсынуы;

5.2.2. Қатысушының, оның ата-анасының (заңды өкілінің) және/немесе Қатысушымен бірге келген басқа тұлғаның Мектептің тәртіп ережелерін бұзуы;

52.3. Қатысушының тестілеуді өткізу ережелерін бұзуы (оның ішінде Академиялық адалдық саясаты бойынша кез келген бұзушылық).

  1. Қорытынды ережелер

6.1. Осы Ереже 01.02.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

6.2. Осы Ереженің қолданылу мерзімі шектелмейді. Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуге байланысты болған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жағдайларын қоспағанда, қажеттілігіне қарай, кемінде үш жылда бір рет қайта қарастырылады.

6.3. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар осы Ережені бекітуге арналған тәртіппен енгізіледі және бекітіледі.

face.pnginst.png whatsapp.png

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65, 8 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz

Search